Степановтың хет-тригі, Бояркиннің құрғақ жеңісі, буллитші Исмагилов. ҚР Кубогінің бірінші күнінің қорытындысы

23 tamyz
1481

Хоккейден Қазақстан Кубогінің алғашқы ойын күнінің матчтарындағы ең қызықты сәттерді еске түсіреміз.

Турнирдің бірінші текетіресінде буллиттер сериясы өтті – «Атөбе» «Құлагермен» матчта екі балл жинады. Кубоктегі алғашқы шайбаның авторы – Алексей Закарлюкин. Жалпы, «Құлагердің» форварды қос команданың қарсы қақпаға ең көп шабуылдаған хоккейшісі болды. 28-ші нөмірлі ойыншысы қарсы қақпаға 7 рет шайба салды.

«Ақтөбенің шабуылшысы Дмитрий Исмагилов төрт рет буллит салуға шығып, үш мүмкіндігін мүлт жібермеді. Нәтижесінде ол ойынның шартты иелері үшін жеңіс соққысының авторы атанды.

«Алматы» мен «Бейбарыс» бірлесіп, 11 шайба салды. Әсіресе, ол атыраулықтардың форварды Евгений Степановтың асығы алшысынан түсіп, ағымдағы турнир аясындағы алғашқы хет-триктің авторы атанды. Алайда бұл командаға небәрі бір балл әкелді.

«Номад» пен «Торпедо» арасындағы ашылу матчы бүгінгі ойын күнінің нәтижесі ең аз ойыны болды. Қазіргі чемпион жаңарған «торпедолықтарды» өз қақпасына шайба жуытпастан жеңіп, елордалық «А» тобының көшін бастады.

Бірінші ойын күнінің қорытындысы бойынша турнирдің үздік бомбардирі – хет-триктен бөлек, бір рет нәтижелі пас берген Евгений Степанов.

Қақпашылар ойынына қатысты мұнда «Номад» пен «Торпедо» арасындағы матчтың басты қаһарманына айналған Никита Бояркинді (25 сейв) және «Құлагермен» текетіресте 32 соққының 30-ына тойтарыс берген «Ақтөбе» голкипері Артёма Микушинді ерекше атап өтуге болады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.