Ақтөбе, Алматы мен Номад Кубокті жеңістен бастады

22 tamyz
2083

Астанада Қазақстан кубогі басталды.

Турнирдегі алғашқы шайбаның авторы – «Ақтөбемен» кездесудің бірінші кезеңі аяқталуына сәл қалғанда артық құрам ұйымдастырған «Құлагердің» форварды Алексей Закарлюкин. Бұл ойында артық құраммен ойнау ойынның тағдырын шешті. Негізгі уақытта төрт шайбаның үшеуі атық құраммен салынды.

Овертаймда петропвлдықтардың жеңісті жұлып әкетуге мүмкіндігі болды, алайда бұл жолы Ильгиз Нуриевтің ойыншылары Артём Микушинді жеңе алмады. Буллиттер сериясында батысқазақстандық хоккейшілер дәлірек көздеді. «Ақтөбеге» жеңісті Дмитрий Исмагиловтың дөп соққысы сыйлады.

«Ақтөбе» - «Құлагер» 3:2 Б (0:1, 2:1, 0:0, 0:0, 1:0)

0:1 - 14:29 - Закарлюкин (Рыжий, Орехин) ГБ

1:1 - 25:19 - Киселёв (Митряков, Попитич)

1:2 - 27:37 - Гарифулин (Дзедаев, Лызин) ГБ

2:2 - 33:15 - Попитич (Хорошев, Гайсин) ГБ

3:2 - 65:00 - Исмагилов ПБ

Қақпашылар: Микушин - Селивёрстов

«Бейбарыс» пен «Алматы» елордада тартысты ойын өткізді. Андрей Спиридоновтың ойыншылары кездесу барысында үш рет есеп бойынша алға шықты, ізінше екі рет есе жіберіп отырды. Евгений Степанов негізгі уақытта-ақ турнирдегі алғашқы хет-триктің авторы атанды. Алматылықтар оған Егор Кожевников пен Сергей Твердохлебовтің дубльдерімен жауап берді. Ойынның шешімі овертаймда болды. Оңтүстікастаналық ұжымның алғашқы шабуылы голға айналды: шайба Роман Калмыковтың қақпасына өз ойыншысын жанап барып енді. Жеңіс шайбасының авторы – Артём Бурделёв.

«Бейбарыс» - «Алматы» 5:6 ОТ (1:2, 3:1, 1:2, 0:1)

0:1 - 06:56 - Кожевников (Твердохлебов, Хоменко)

1:1 - 18:32 - Холоденин (Ершов, Степанов) ГБ

1:2 - 18:44 - Басимов

2:2 - 21:32 - Степанов

2:3 - 24:57 - Твердохлебов (Кожевников, Филиппенко)

3:3 - 34:07 - Степанов (Александров)

4:3 - 34:37 - Волгин (Клочков, Степанов)

4:4 - 46:03 - Твердохлебов ШБ

5:4 - 55:05 - Степанов (Ершов, Грачев)

5:5 - 58:17 - Кожевников

5:6 - 60:22 - Бурделёв (Басимов)

Қақпашылар: Калмыков – Вилардо

Ал «Номад» пен «Торпедоның» кешкі текетіресінде барлығын бір шайба шешті. Екінші кезеңнің басында Мади Диханбек Олег Бойконың тамаша пас беруін голға айналдырды. Финалдық ысқырыққа сегіз секунд қалғанда Бойконың өзі өскемендіктердің бос қақпасына шайба дарытты. Никити Бояркиннің тамаша ойынын атап өтпеуге болмайды. «Номадтың» қақпашысы қақпаға бағытталған 25 соққыға тойтарыс беріп, ағымдағы Кубок аясындағы алғашқы құрғақ матчтың авторы атанды.

«Номад» - «Торпедо» 2:0 (0:0, 1:0, 1:0)

1:0 - 21:14 - Диханбек (Бойко, Диханбек) ГБ

2:0 - 59:52 - Бойко (Колобов) ПВ

Қақпашылар: Бояркин – Янков 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.