Қазақстан Кубогі күні ертең басталады

21 tamyz
829

22 тамыз күні Астанада кезекті Қазақстан Кубогі басталады. Жарысқа А тобының командалары кіріседі.

«Барыс-Аренаның» «В» блогы бірден үш кездесуді қабылдайды. Мұзға бірінші болып «Ақтөбе» мен «Құлагер» шығады (басталуы 12:30-да). Өткен жылы командалар Кубоктегі топта да кездесті. Ол кезде батысқазақстандық ұжым жеңіске жеткен болатын, алайда турнирдің финалына «Ақтөбе» де, «Құлагер» де өте алмады.

16:00-де мұзға «Бейбарыс» пен «Алматы» шығады. Бір жыл бұрын ұжымдар түрлі топтарда ойнады және Кубок жолындағы жорығын алдын ала раунд кезеңінде-ақ аяқтады.

Кешкі сессияда Қазақсстанның қазіргі чемпионы «Номад» пен «Торпедоның» текетіресі өтеді. Өз құрамын айтарлықтай нығайтқан өскемендіктердің өткен маусымның үлкен қателік болғанын дәлелдеуге құлшынатындары анық. «Көшпенділер» болса ойынға жолдан қосылмақшы. Ғалым Мәмбетәлиевтің ойыншылары Гродно қаласындағы турнирде төртінші орын иеленіп, Беларусьтен бүгін ғана оралды.

Барлық матчтардың тікелей көрсетілімдерін сайтымыздың жоғарғы бөлігіндегі ойындар легінен табуға болады.

Кездесулер кестесі мен турнир кестесі тиісті сілтемелер арқылы қолжетімді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.