Қазақстан Кубогі - 2017. Тарихы мен фактілері.

19 tamyz
789

Бір жыл бұрынғыдай екі топқа бөлінген командалар Павлодар мен Көкшетауға аттанды. Қазақстан кубогі ойынынан жалғыз ерекшелігі шешуші матчтардың Көкшетауда өтуі болды.

Павлодарлық топта 2012 жылдан бері алғаш рет финалға қатысқан «Бейбарыс» көш бастады. Александр Истоминнің ойыншылары 10 ұпай жинады, бұл атыраулықтарға финалға шығып, өз тарихында алғаш рет беделді трофейдің иегері атануға мүмкіндік берді. Топта екінші орынды алаң иелері иемденді. «Ертістіктер» 8 ұпай жинап, Көкшетауға «қола» матчқа аттанды. Кубоктің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша үшінші орын «Номадқа» бұйырды, «көшпенділер» 7 балл жинады. «Алматы» ХК 4 ұпай, «Алтай-Торпедо» 1 ұпай жинады.

«В» тобында өткен жылғыдай бірінші орынды петропавлдық «Құлагер» иеленді. Алаң иелері бір ғана балға артта қалды: топтық кезеңнің қорытындысы бойынша «Арлан» хоккейшілері 9 ұпай жинады. 8 ұпайды «Теміртау», 3 ұпайды «Горняк» еншіледі. «Астана» жарысты ұпайсыз аяқтады.

«Қола» матчта «Арланды» 3:1 есебімен жеңген «Ертіс» хоккейшілерінің құлшынысы артық көрінді. Павлодарлықтар құрамынан Михаил качулин хет-трик жасады. «Көкжалдардың» жалғыз голының авторы – Александр Казначеев.

2017 жылғы Қазақстан Кубогінің финалы көрнекілігі мен тартыстылығы тұрғысынан бұрынғыларынан кем түспеді. «Құлагер» мен «Бейбарыс» кезекті керемет матчқа куә етті.

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша петропавлдықтар Денис Стасюк пен Дмитрий Исмагиловтың дөп соққыларының арқасында 2:0 есебімен алда келе жатты.

Алайда сол кезде-ақ «Бейбарыс» кез келген матчтың барысын түбегейлі өзгерте салатын команда деген атқа ие болатын. Бұл жолы да таңғалдырды. Кездесудің 29-шы минутында Максим Худяков өз командасының есеп алшақтығын минимумға дейін азайтты, ал финалдық ысқырыққа үш жарым минут қалғанда Вячеслав Трясунов ойынды овертаймға айналдырды.

Қосымша уақытта сәттілік қатарынан екінші рет ел кубогін иеленген «мустангтарға» серік болды. Жеңіс шайбасын петропавлдықтардың белоруссиялық қорғаушысы Сергей Копылец салды.

Турнирдің қорытындысы бойынша Қазақстанның хоккей федерациясы өз амплуасындағы үздік ойыншыларды анықтады. Осылайша, өткен Қазақстан кубогінің үздік голкипері Дмитрий Хозяшев ("Ертіс") болды. Үздік қорғаушы Дмитрий Степанов ("Бейбарыс") атанды. Үздік бомбардир, сондай-ақ үздік шабуылшы «гол+пас» жүйесі бойынша 8 ұпайды еншілеген Иван Киселев ("Арлан") болды. Жарыстардың үздік жас ойыншысы Даниил Васильев ("Құлагер") атанды.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.