Торпедо бірінші орынға оралды, Құлагер қатарынан жетінші матчта жеңді. 8 желтоқсандағы матчтарға шолу

8 jeltoqsan
1439

«Құлагер» жеңісті матчтар сериясын жалғастыруда. «Торпедо» «Ертісті» жеңіп, қайтадан көш бастады. «Арлан» бес матчтық жеңілістер сериясын тоқтатты. «Алматы» мен «Бейбарыс» кездесуінде жеңімпазды анықтауға негізгі уақыт жетпей қалды.

«Алтай Торпедомен» екінші матчта да «Құлагер» аса қиналмады. Петропавлдық ұжым жақсы екпін алып, осымен жетінші матчын жеңіп отыр. Алаң иелерінің қақпашысы Дмитрий Хозяшев бүгін қақпаға бағытталған 45 соққыға тойтарыс берді.

"Құлагер" – "Алтай Торпедо" 4:1 (2:0, 2:0, 0:1)

1:0 – 08:45 – Стасюк (Ахметов, Исмагилов)

2:0 – 16:51 – Святына (Пашков)

3:0 – 26:25 – Ильин (Пашков, Святына) ГМ

4:0 – 32:27 – Попитич (Логинов, Хорошев)

4:1 – 57:20 – Дерзаев (Белохонов, Линник) ГБ

Қақпашылар: Хозяшев – Нурек В.

«Ертіс» өз алаңындағы төртінші матчтында жеңіліп қалды. «Торпедомен» жекпе-жекте павлодарлықтар бірінші кезеңде-ақ бір гол салған, алайда ары қарай тек қонақтар гол салып отырды. Олег Болякиннің ойыншылары турнир кестесіндегі бірінші орынға оралды.

"Ертіс" – "Торпедо" 1:4 (1:1, 0:2, 0:1)

0:1 – 01:32 – Савицкий (Виноградов)

1:1 – 14:41 – Туспеков (Ивашин, Хасенов)

1:2 – 23:59 – Кузнецов (Мерескин, Виноградов) ГБ

1:3 – 36:30 – Лихотников (Угольников)

1:4 – 43:53 – Левицкий (Кузнецов, Лихотников) ГБ

Қақпашылар: Полошков – Шутов

"Арлан" өз алаңындағы ойындар сериясын «Горнякқа» қарсы матчтағы жеңістен бастады. Рудныйлықтар бұл ойында бір ғана шайба салуға мүмкіндік алды. Көкшетаулықтар жаңа бапкер келгелі бес матчқа созылған жеңілістер легін тоқтатты.

"Арлан" – "Горняк" 4:1 (2:0, 2:0, 0:1)

1:0 – 18:13 – Киселев (Бердников Р., Раенко)

2:0 – 19:40 – Шитиков (Боровиков, Бердников В.)

3:0 – 23:49 – Раенко (Киселев, Бердников Р.) ГБ

4:0 – 25:58 – Бердников В. (Шитиков, Черкасов) ГБ

4:1 – 48:15 – Бархаткин (Воронин, Лобанов)

Қақпашылар: Демидов – Акулинин

"Алматы" мен "Бейбарыс" оңтүстік астанада тартысты ойын өткізді. Шайба біресе біреуіне, біресе екіншісіне өтіп отырды. Мұндай матчта командалар негізгі уақыт аясында тең түсетіні белгілі. Овертаймда «Бейбарыс» жеңіске жетіп, енді плей-офф тобына қосылды.

"Алматы" - "Бейбарыс" 3:4 ОТ (2:0, 0:2, 1:1, 0:1)

1:0 – 01:20 – Ефимов (Малетин)

2:0 – 08:20 – Бельгибаев (Ананьин, Бурделёв)

2:1 – 20:50 – Старцев (Воробьёв, Ишмаметьев)

2:2 – 24:46 – Гарифулин

2:3 – 56:51 – Закарлюкин (Кожевников, Гевель) ГБ

3:3 – 59:09 – Ефимов (Спиридонов, Ипатов)

3:4 – 62:03 – Петров (Боровков, Дыньков)

Қақпашылар: Полуэктов – Иванов