Келесі жылы да Қазақстан кубогі тағы да Теміртау мен Көкшетауда өтті.
«А» тобының матчтарын Теміртау қабылдады. Бұл топта трофей үшін 5 команда таласқа түсті. Олар: "Ертіс", "Арыстан","Номад", "Астана" және "Алматы".
Осы матчтардың қорытындысы бойынша финалға өткен жылғыдай турнирдегі өз мақсаттарын жасырмаған павлодарлық «Ертіс» аттанды. Юлиус Пензестің ойыншыларының алдында нақты мақсат қойылды – ел кубогінде жеңіске жету.
Топтық кезеңде павлодарлықтар елордалық «Номадқа» жол беріп, бір рет ғана сүрінді. Барлық қалған матчтар сол сәттегі Қазақстан чемпионының пайдасына шешілді.
«Ертісті» жеңіп, көшпенділер үшінші орынды анықтайтын матчта ойнауға құқық алды.
Көкшетау командаларын құшақ жая қарсы алған «В» бестігінде де бәрі қызықты болды. Мұнда Кубок финалына жолдама үшін бес ұжым: "Арлан", "Беркут", "Бейбарыс", "Горняк" және "Торпедо" тартысты.
Төрт ойында 10 ұпай жинап, финалға Көкшетаудан келген хоккейшілер өтіп, ал атыраулық «Бейбарыс» «Номадпен» «қола» жекпе-жегін күтті.
Үшінші орын үшін матчтың тағдыры қосымша уақытта шешілді. Матчтың негізгі уақытының қорытындысы бойынша "Бейбарыс" пен "Номад" жеңімпазды анықтай алмады (1:1), бірақ қосымша бес минутта "көшпенділер" әлі де артық құрамды ұйымдастырып, 2014 жылғы Қазақстан Кубогінің қола жүлдегері атанды. Жеңі шайбасы Нұрсұлтан Белгібаевтың қоржынында.
Финалда бір жыл бұрынғыдай "Ертіс" пен "Арлан" кездесті. Алдыңғы үш ұтыс ойынынан айырмашылығы, бұл жолы командалар кездесуді негізгі уақытта аяқтай алды. Сол түні Юлиус Пензестің шәкірттері расында да қарсыласынан басым болды және 4:1 есебімен жеңіске жетті. Павлодарлықтар құрамынан Роберт Хуна, Томаш Вак, Мартин Чакайик және Алексей Воронцов ерекшеленді.
«Көкжалдар» құрамынан жалғыз шайбаны Руслан Хасаншин салды.
«Ертіс» өз тарихында алғаш рет Қазақстан кубогінің иегері атанды!
Турнирдің қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталды. Турнирдің үздік қақпашысы – Марек Пинц ("Ертіс"). Үздік қрғаушы– Алексей Петушков ("Арыстан"). Үздік шабуылшы– Максим Богатыренко ("Беркут").
Қазақстан кубогінің үздік бомбардирі үшінші рет қатарынан «Арланның» форварды Яник Риндео болды, оның есебінде турнир қорытындысы бойынша 9 (2+7) ұпай бар.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.