22 және 31 тамыз аралығында Астана мен Көкшетауда Pro hokei ligasy-нда ойнайтын командалар арасындағы Қазақстан Кубогінің кезекті ойыны өтеді. Беделді трофей үшін екі топқа бөлінген 11 ұжым тартысқа түседі.
22 және 31 тамыз аралығында Астана мен Көкшетауда Pro hokei ligasy-нда ойнайтын командалар арасындағы Қазақстан Кубогінің кезекті ойыны өтеді.
Беделді трофей үшін екі топқа бөлінген 11 ұжым тартысқа түседі.
Құрамында 6 ұжым ойнайтын «А» тобының матчтары Республикамыздың елордасында өтеді. Олар: «Ақтөбе» ХК, «Алматы» ХК, «Бейбарыс», «Құлагер», «Номад» пен «Торпедо».
Параллель топта финалға шығу үшін бес команда таласқа түседі. Алаң иелері көкшетаулық «Арланнан» басқа бұл бестікке «Ертіс», «Хумо», «Сарыарқа» және «Горняк» түсті.
Қазақстан Кубогі басталмас бұрын сәл-пәл «ширап», аталмыш трофейдің бұған дейінгі 10 ұтысы қалай өткенін еске түсіруді ұсынамыз.
2013 жылдан бастайық. Бұл маусымда жарыстар екі қалада – Теміртау мен Көкшетауда 20 және 28 тамыз аралығында өтті. Кубок үшін екі шағын топқа бөлінген 10 команда тартысты.
«А» тобының матчтарын металлургтар қаласы қабылдады. Қатысушылар құрамы: «Астана» ХК, «Ертіс», «Арыстан», «Торпедо», «Горняк».
Топтық кезең басталар алдында көптеген жанкүйерлер мен мамандар финалға не теміртаулық «Арыстан», не сол кездегі Қазақстан чемпионы павлодарлық «Ертіс» шығады деп болжаған болатын. Алайда, сол турнирде «Астана» мен «Горняктың» құрамдары мықты болып, қарсыластарын састырды. «Торпедолықтар» құрамының жастығына және тәжірибесінің жоқтығына байланысты әбден төселген командаларға тойтарыс бере алмады.
Нәтижесінде, аралық фавориттер топтық кезеңде тосынсый жасамады. «Арыстан» мен «Ертіс» қатарынан 4 рет жеңіске жетіп, жекпе-жекте кімнің финалға өтетінін, ал кімнің үшінші орын матчы үшін ойнайтынын анықтады.
Нәтижесінде, «ертістіктер» басым түсіп, шешуші матчқа жолдама алды.
«В» тобының матчтарын Көкшетау қабылдады. Финалға шығу үшін «Арлан», «Алматы» ХК, «Номад», «Бейбарыс» және «Бүркіт» сияқты ұжымдар тартысты.
«А» тобындағыдай мұнда да шешуші кезеңнен үмітті фавориттер байқалды.
"Арлан" мен "Бейбарыс" жанкүйерлердің пікірінше жекпе-жекте Қазақстан Кубогі-2013 финалисін анықтауы тиіс болды.
Іс жүзінде бәрі басқаша болды. Егер турнир иелері өз міндеттеріне асқан жауапкершілікпен қараса, атыраулық ұжым үш матчта жеңіліп, фаворит деп білдірілген сенімді ақтамады. Есесіне, «Алматы» қуантты. Оңтүстікастаналық команданың жетекшісі Олег Болякин сол маусымаралықта трансферлік нарықта тамаша жұмыс жасап, нәтиже көп күттірмеді. «Арланмен» матч шешуші болып, осы тұста алматылықтар 1:7 есебімен жеңілуге мәжбүр болды.
Осы топтағы көкшеліктердің үстемдігі ешбір дау тудырмады және «көкжалдарды» ел кубогінің финалында көру ешкімнің таңданысын туғызбады.
"Алматы" өз ұмтылысының және ойын сапасының арқасында үшінші орын үшін ойын түріндегі бонусқа ие болып, «Арыстанға» қарсы шықты.
«Қола» матч айтарлықтай нәтижелі болды. Атап айтқанда, Вячеслав Беланның ойыншылары өздерін шабуылда тамаша көрсетті. Матчтың қаһарманы – екі шайба салып, голға пас берген швециялық легионер Йоханн Лоррейн. Сол матчтың қорытындысы «Арыстанның» пайдасына 5:2.
Дәл сол күннің кешінде лық толы «Бурабай» аренасында Қазақстан кубогінің финалдық матчы өтті.
Сол кездесу әлі де аталмыш турнирдың финалдық ойындарының тарихындағы ең көрнекті ойын болмақ. «Арлан» мен «Ертіс» арасындағы матчта бәрі болды! Таңғажайып ойын динамикасы, текетірестер, овертайм мен буллиттер сериясы. Хоккейді барынша рақаттанып тамашалау үшін басқа не керек?
Бұл текетіресте артық құрам ұйымдастыру бірінші кезекке шықты. Бұл матчтағы 4 шайбаның 3-еуі тең емес құрамдармен салынды.
Матчтағы бірінші шайба жетінші минутта салынды: қонақтар құрамынан Андрей Недорост көзге түсті.
Ал екінші кезеңде финалдың ең маңызды сәті орын алды. Леонид Метальников пен Осси Иконен аластатылғаннан кейін павлодарлықтар үшеу болып қалды. Әрине, «Арлан» сияқты тісқаққан команда мұндай мүмкіндікті уыстан шығармады. Оның үстіне, «көкжалдар» дуплеттен жіберді. Алдымен Яник Риндео, ал мұзда «Ертіс» құрамындағы бесінші алаң ойыншысы пайда болуына екі секунд қалғанда Даниэль Ганчак көзге түсті.
Юлиус Пензестің ойыншылары 50-ші минутта есеп теңестірді. Тағы да артық құраммен. Павлодарлықтарға «көкжалдардың» қорғаушысы Душан Дэвэчкидің аластатылуын голға айналдыру үшін 35 секунд жеткілікті болды.
Мұнымен «Арланның» сынақтары бітпеді. Дэнис Рехак шайба салғаннан кейін алаң иелерінің негіщгі қақпашысы Властимил Лакосил жарақат алып, ойынға көкшетаулықтардың жаңа ойыншысы Камил Косовски кірісті.
Алайда бұл тартыс көкшеліктер үшін қуанышпен аяқталды. Буллиттер сериясында Яник Риндеоның соққысы «Арланға» өз тарихындағы екінші Қазақстан Кубогін сыйлады.
Бір қызығы, ел Кубогінің алдыңғы екі финалы да матчтан кейінгі буллиттермен аяқталды.
Жарыстардың үздік бомбардирі бір жыл бұрынғыдай «Арланның» канадалық форварды Яник Риндео болды: "гол+пас" жүйесі бойынша 8 (6+2) ұпай жинады. Ол турнирдің үздік шабуылшысы атанды.
Қазақстан Кубогінің үздік қақпашысы атағы «алматылық» Владимир Еремеевке берілді. Жарыстардың үздік қорғаушысы деп Қазақстанның хоккей федерациясы «Ертістің» қорғаушысы Лукаша Болфа таныды. Үздік жас ойыншы – «номадтық» Алексей Киселёв.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.