ҚХФ баспсөз қызметі соңғы аптада Pro Ligasy командалары құрамындағы ең елеулі өзгерістер туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.
"Арлан" команданың жаңа бапкерлер штабы туралы ақпарат ұсынды. Бас бапкердің міндетін атқарушы ретінде Сергей Бердников тағайындалды. Ресейлік маман череповецтік «Северстальдағы» және новокузнецтік «Металлургтағы» еңбегімен танымал. Оған Алексей Коледаев пен Сергей Дружинин көмектесетін болады.
«Көкжалдардың» ойыншылар құрамында да өзгеріс болды. Ағымдағы маусымды «Ақтөбе» құрамында бастаған тәжірибелі Владимир Маркелов оралды. Қақпашылар шебін Илья Андрюхов толықтырды. «Арланның» тағы бір жаңа ойыншысы – жас қорғаушы Таир Мухтаров.
31 жастағы қорғаушы Андрей Конев мансабын «Торпедода» жалғастырады. Қорғаныс ойыншысы ҚХЛ-дағы «Трактор», «Салават Юлаев», «Северсталь», «Локомотив» пен «Адмирал» үшін ойнаған ойындарымен танымал.
Мақсат Ибраев «Ертіс» құрамынан кетті. Шабуылшының мансабын қайда жалғастыратыны әзірге хабарланбады.
Алексей Закарлюкин «Бейбарыс» құрамын толықтырды. Биылғы маусымды тәжірибелі шабуылшы белоруссиялық «Неманмен» бастаған болатын.
KHL.ru сайтының фотосы пайдаланылды