Клочков пен Гатин Бейбарысқа оралды, Құлагер құрамын жасартты

24 shilde
660

Pro Hokei Ligasy командаларының өткен аптадағы трансферлік жаңалықтарын еске аламыз.

«Бейбарыс» бірнеше келісімшартқа қол қойылғанын жария етті. Атыраулықтардың құрамына тәжірибелі қорғаушы Альберт Гатин, сондай-ақ шабуылшылар Алексей Клочков пен Александр Ананичев кірді. «Бейбарыстың» жаңа ойыншыларының қатарын қақпашы Глеб Моисеев, қорғаушы Степан Александров, форвардтар Дмитрий Потайчук, Максим Кунишников пен Руслан Гайсин толықтырды.

Өткен маусымда Қазақстан жастар чемпионатының ең нәтижелі ойыншыларының бірі атанған «Жас Батыр» көшбасшысы Илья Харченко біржақты келісімшарт жасасты.

«Құлагер» жастар құрамының бірқатар ойыншыларымен келісім жасасты. Ильгиз Нуриевтің бапкерлер штабы жаңа маусымда қорғаушылар Илья Серікке, Ерлан Ербатыровқа, Артур Харисовқа, сондай-ақ шабуылшылар Павел Анисимовке, Даниил Варламов пен Даниил Махамадеевке үміт артып отыр. Петропавлдықтармен форвард Данила Букарь сынама келісімшарт жасасты.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.