Назарларыңызға Қазақстан чемпионаты клубтарынан келіп жеткен соңғы жаңалықтарды ұсынамыз.
«Торпедолықтар» демалыстан бірінші болып шықты
Өскемендік ұжым барлық қажетті медициналық тексерістерден шілде айының басында өтіп қойды және жаңа маусымның дайындығына да бірінші болып кірісті. Александр Шахворостовтың ойыншылары «Алтайда» жаттығып болып, енді жанкүйерлер Сібеден дәстүрлі суреттерді күтуде.
«Хумо» әнұранының жаңа нұсқасын ұсынды
Ташкенттік команданың әнұраны ресми түрде 2019/20 жылғы маусымда жазылған болатын. Ал қазір Алексей Ким бастаған «Хумо» фанклубы жазуға қаражат жинап, әннің авторы Александр Суслов композицияға құқықты клубқа сыйлады, ал клубтағылар әнге бейнебаян да түсірді.
Ал команда Өзбекстан тауларындағы жиындарға аттанды. Евгений Попихин мен «Хумоның» кейбір ойыншылары маусымаралықтың бірінші кезеңінен алған әсерлерімен бөлісті.
«Номад» ойыншылардың тұрмыс-тіршілігін көрсетті
«Номад» ойыншыларынан қайсысы жайлы жағдайға үйренген, ал қайсысына телефон мен қуаттағыш жетіп жатыр? Бұл жөнінде жігіттер видеода өздері айтып берді.
P. S. Қазіргі чемпиондар өткен маусымдағы жетістіктерін қайталауға құлшынып отыр, алайда титулды жеңіп алғаннан оны сақтап қалу қиын екенін барлығы түсінеді.
Владимир Князев «Сарыарқаның» бас бапкері болып тағайындалғаннан бергі алғашқы сұхбатын берді
Қарағандылықтар 11 шілдеде жиналды, «Сарыарқа» 15 шілдеден бастап жаттығуларды бастамақшы.
- «Сарыарқа» – бай дәстүрлері бар клуб, соңғы жылдары қазақстандық хоккейдің флагманы деуге болады, - дейді жаңа тәлімгер. – Қазір бізге қиын болады, алайда әлденеден қорқатын болсақ, ештеңе жасап керегі жоқ. Алға ұмтылып, қалыптасқан дәстүрді ұстануға тырысу керек. Әрдайым жеңіске жетіп, турнир кестесінің басынан көрінгіміз келеді.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.