«Құлагер» үшінші кезеңде ерекше екпін көрсетіп, «Алтай Торпедоны» сенімді түрде жеңді. «Торпедо» екінші кезеңнің ортасына қарай «Ертістің» қақпасына бес шайба жіберіп, жеңіске жетті.
Дмитрий Исмагилов жасаған дубль «Құлагерге» «Алтай Торпедоны» басып озуға мүмкіндік берді. Алаң иелері бұл кездесуде қарсы қақпаға 64 (!) соққы жіберді. Петропавлдықтардың голкипері Андрей Янков нәтижелі пас берді. Александр Троицкийдің ойыншылары үздіктердің үштігіне кіру үшін тартысты жалғастыруда.
"Құлагер" – "Алтай Торпедо" 6:2 (2:1, 1:1, 3:0)
1:0 – 04:36 – Первухин (Попитич, Рамазанов)
2:0 – 10:37 – Исмагилов (Ахметов, Янков)
2:1 – 14:52 – Богданов (Тихомиров)
3:1 – 20:48 – Исмагилов (Стасюк) ГБ
3:2 – 36:26 – Караваев (Худяков, Колобов) ГБ
4:2 – 47:50 – Рамазанов (Логинов, Попитич) ГБ
5:2 – 48:37 – Васильев (Нуриев, Гатин)
6:2 – 58:42 – Хорошев (Попитич, Логинов)
Қақпашылар: Янков – Нурек В. (Мейдер, 48:37-60:00)
«Торпедо» «Ертіспен» матчтың бірінші кезеңінде-ақ жеңіске жетудің қамын жасады. Есеп 0:5-ке жеткенде ғана павлодардықтар ширақ қимылдап, құр қол кетуден аман қалды. Жеңімпаздар құрамынан Иван Кучин дубль жасады. Олег Болякиннің ойыншылары ұпай саны бойынша «Номадпен» теңесті. Бұған қоса, команданың әлі үш матчы бар екенін айта кету керек.
"Ертіс" – "Торпедо" 2:5 (0:3, 1:2, 1:0)
0:1 – 11:13 – Кучин (Шин, Савицкий) ГБ
0:2 – 15:23 – Архипов (Петросян, Виноградов)
0:3 – 16:28 – Савицкий (Юксеев, Шин)
0:4 – 27:54 – Кучин (Левицкий) ГМ
0:5 – 32:49 – Гурин (Тымченко)
1:5 – 35:55 – Жиляков (Асуханов, Васильев) ГБ
2:5 – 56:21 – Пак (Хасенов, Милюков)
Қақпашылар: Микушин (Полошков, 16:28-60:00) – Сидоров