Степан Рифель: «Біз алдағы маусымда мықтырақ ойнаймыз»

10 shilde
527

«Торпедо» шабуылшысы Степан Рифель клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында алдағы маусымнан не күтетінімен бөлісіп, жиындарға дайындық жөнінде баяндады.

«Торпедо» шабуылшысы Степан Рифель клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында алдағы маусымнан не күтетінімен бөлісіп, жиындарға дайындық жөнінде баяндады.

- Биылғы маусымаралықты қалай өткіздіңіздер?

- Екі аптадан артық уақыт демалдық. Сүйіктіммен бірге Алматыға бардық, оның туған күнін атап өттік, мерекелік кеш ұйымдастырдық. Шағын демалыс болды. Одан кейін Бұқтырма суқоймасының жағасына бардық. Өскеменге оралып, Ольга Рыпакованың жеңіл атлетикалық манежінде жалпы физикалық дайындық бойынша бапкер Игорь Юрьевич Елисеевте жаттығып бастадым. Екі апта бойы жылдамдықты, күшті, шыдамдылықты дамытумен айналыстық, бір апталық үзілістен кейін өз бетіммен жаттығуды қайта бастадым. Маусымалды жиынға дайын болып келдім деп ойлаймын.

- Команданың бапкерлер штабы айтарлықтай жаңарды. Александр Шахворостовтың ойыншыларға, әсіресе жастарға талабы қандай?

- Жаттығулар кезінде жастар мен ардагерлер деп бөлмейді. Жаттығулар кезінде де, тұрмыста да барлығына қойылатын талап бірдей. Тәртіп бірінші орында, барлығы талаптардың барлығын орындауы тиіс. Александр Викторович әрбір жаттығуды көрсетеді, орындау техникасының қыр-сырын түсіндіреді. Оның ҚХЛ клубтарында жұмыс тәжірибесі мол, біз алдағы маусымда мықтырақ ойнаймыз.

- Жаңа ойыншылар ұжымында бейімделу қалай өтіп жатыр?

- Өскеменде әрдайым ұжым мықты болатын, сондықтан жігіттер жылдам бейімделіп кетеді. Әкем «Қазцинк-Торпедода» ойнаған кездердің өзінде жаңа ойыншыларға деген ерекше ыстық ықылас болатын, олар командаға тез сіңісіп кететін. Қазір де ұжымымыз тату. Сібе көлдерінде жиындар өтеді. Бір-бірімізді қолдап, қиындықтарды бірге еңсеретін боламыз.

- Өткен маусымда барынша ашыла алмай қалдық деген сезім бар ма?

- Әрине, жанкүйерлеріміздің алдында қарыздармыз. Өткен маусымда ересектер хоккейінде тәжірибесі жоқ жастар көп болды. Енді біз басқа хоккейді, тиісінше нәтиже көрсетуіміз керек. Өскемендік жанкүйерлер талапшыл әрі хоккейді жақсы біледі.

Дереккөз – «Торпедо» ХК баспасөз қызметі


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.