Құлагердің маусымалды дайындық жоспары

10 shilde
713

«Құлагердің» баспасөз қызметі негізгі команданың жаңа маусымға дайындық жоспарын ұсынды.

Петропавлдықтар демалыстан 12 шілдеде шығып, медициналық тексеруден өтеді және жердегі жаттығуларға кіріседі. Мұзға 30 шілдеде шығады деп жоспарланып отыр.

9 және 10 тамызда «Құлагер» Петропавлда «Горнякпен» бақылау матчтарын ойнайды.

14 тамызда Көкшетауда «Арланмен» жолдастық матч өтеді деп көзделген.

22 тамызда Ильгиз Нуриевтің ойыншылары Қазақстан Кубогі аясында алғашқы ойынын өткізеді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.