«Торпедо» Pro Hokei Ligasy-ның осы аптадағы басты ньюсмейкері болып қала бермек.
Өскемендік клубтың баспасөз қызметі жеті ойыншымен келісімшарт жасалғанын жария етті.
Басты жаңалық – «Торпедоға» өткен плей-оффта «Сарыарқа» үшін ойнаған клубтың байырғы ойыншысы Александр Шин оралды. Өткен маусымда танымал қазақстандық шабуылшылардың бірі нәтижелілігі үшін 33 (13+20) балл жинады.
Қақпашылар бригадасын Андрей Янков күшейтеді. Қорғаныс шебіне Владимир Гребенщиков, Иван Гавриленко мен Дмитрий Громов жұмылдырылады. Сондай-ақ Өскемендегі мансабын шабуылшылар Евгений Гасников пен Антон Петров жалғастырады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.