Злобин, Лагунов пен Тунхузин Торпедо ойыншылары атанды

3 shilde
627

Өскемендік клубтың баспасөз қызметі негізгі команда құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады.

«Торпедо» алдағы маусымға құрам жасақтауды жалғастыруда. Александр Шахворостов командасының құрамын жергілікті жанкүйерлерге жақсы таныс, «Сарыарқадан» оралған шабуылшы Андрей Лагунов (2022/23 маусымында 12+14 ұпай) және өткен маусымды «Хумода» өткізген қорғаушы Станислав Тунхузин (4+16) толықтырды. Өскемендіктердің тағы бір жаңа ойыншысы – «Сарыарқа» көшбасшысы Антон Злобин (29+26). Өткен маусымда ол ProHokeiLigasy үздік бомбардирлерінің топ-3-тігіне кірді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.