Турдың қаһарманы – Иван Зинченко

6 jeltoqsan
1532

ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның ерекше көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

Өткен ойын кезеңінің үздік ойыншысы деп «Ақтөбенің» шабуылшысы Иван Зинченко танылды. Ол өз командасының «Бейбарысқа» қарсы екі ойынында жеңіске жетуіне елеулі үлес қосты.

Бірінші матчта Иван 3 (1+2) балл жинап, оның буллиттер сериясындағы шайбасы жеңіс әкелді. Екінші кездесуде Зинченко дубль жасады, оның үстіне бір шайбаны аз құраммен салды.

Екі жеңіс «Ақтөбеге» кубокқа таласатын сегіздіктен бес ғана ұпайға алшақтауға мүмкіндік берді.