Торпедоның маусымалды дайындық жоспары

1 shilde
823

«Торпедоның» баспасөз қызметі команданың жаңа маусымға дайындық жоспарын ұсынды.

Өскемендік ұжым демалыстан 1 шілдеде шығады, бүгінге жалпыкомандалық жиын белгіленді.

Тереңдетілген медициналық тексеруден өткеннен кейін команда Өскемендегі «Алтай» стадионында, «Самал» саябағында және Борис Александров атындағы Спорт сарайының жаттығу залында жиын өткізеді.

8 шілдеде Сібе көлдерінің жағасындағы спорт лагерінде оқу-жаттығу жиыны басталады, онда екі бескүндік микроцикл жоспарланған.

22 шілдеде команда мұздағы жаттығуды бастап, атлетизм жаттығуларымен қоса айналысады. Екіжақты матчтар жоспарланған.

12 және 13 тамызда «Торпедо» Павлодарда «Ертіспен» екі бақылау матчын өткізеді. 18 және 19 тамызға Теміртауда «Бейбарыспен» кездесулер жоспарланды.

21 және 31 тамыз аралығында «Торпедо» Астана мен Көкшетауда өтетін Қазақстан кубогінде өнер көрсетеді. Астанадағы топтық кезеңде команданың қарсыластары «Номад», «Бейбарыс», «Ақтөбе», «Құлагер» және «Алматы» болмақ.

Қазақстан кубогі аяқталғаннан кейін «торпедолықтар» Өскеменге оралып, Қаззақстан чемпионатына дайындықтың қорытынды кезеңін өткізеді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.