Трансферлік жаңалықтар. Ақтөбе

29 mamyr
1157

Parimatch-Pro Hokei Ligasy клубтарынан келіп жеткен трансферлік жаңалықтармен бөлісуді жалғастырамыз.

Артём Микушин «Ақтөбенің» ұсынысын қабыл алып, өз мансабын батысқазақстандық команда сапында жалғастырады. Өткен маусымда тәжірибелі қақпашы «Сарыарқаның» намысын қорғады. Қарағандылықтар құрамында Микушин тұрақты чемпионатта 18 матч ойнады (СК – 1,52, птойтарылған соққылар 93%), сондай-ақ плей-оффта 6 кездесуге қатысты (СК – 3,32, 87,1% тойт.).

«Ақтөбеде» өткен маусымның көшбасшыларының бірі Иван Кучин қалады. Форвард өткен тұрақты чемпионатта 46 (12+34) ұпай жинап, үздік бомбардирлердің топ-5-тігіне енді.

«Ақтөбенің» біліктілік ұсыныстарын қақпашы Матвей Ершов, қорғаушы Иван Тимофеев, сондай-ақ шабуылшылар Владислав Плотников пен Леонид Беляев қабылдады. 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.