Маусымға бет алдық. «Арлан»

16 qyrkúıek
1264

ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның алдағы маусымының қатысушыларымен таныстыруды жалғастырады. Бүгін қазақстандық хоккей тарихындағы Құрлықтық Кубоктың жалғыз жеңімпазы – көкшетаулық «Арлан» туралы сөз болады.

Өткен маусым 

Чемпиондыққа күрестің басты фавориті ретінде көкшеліктер тұрақты чемпионатты әдеттегідей керемет өткізді, оны аяқталуына бірнеше тур қалғанда жеңіп алды. Мұнымен қоса, екінші орыннан 9 ұпайға артық жинап, алға озды. ¼ финалды да «Арлан» сенімді ойнады. Көкшетаулықтар ұлттық турнирлердің дебютанты «Ақтөбеге» бір де бір мүмкіндік қалдырмады. Сонымен қатар «арландар» плей-оффтың 4 кездесуінде өз қақпасына небәрі 3 шайба өткізді. Айтып өтетін жайт, «Арлан» өткен маусымда жартылай финалға шыққан алғашқы және жалғыз ұжым болды. 

Бас бапкер 

Жаңа маусымда командаға көкшетаулық жанкүйерлерге жақсы таныс Владимир Капуловский жетекшілік етеді. Капуловский екі жыл бұрын «Арланның» ел чемпионатының алтын медальдарын иеленіп, Құрлықтық кубокта жеңіске жетуіне атсалысқан болатын. «Арланға» бұрынғы бас бапкер Владимир Капуловский қайта келді 

Ауысулар 

Соңғы жаңалықтарға сенсек, «Арлан» өзінің жүйеқұраушы ойыншыларының көпшілігін сақтап қала алды. Владимир Маркеловтың, Сергей Твердохлебовтың, Михаил Рахманов пен Дмитрий Потайчуктың кетулері көзге ілінді. Нәтижелі бұл шабуылшыларды Александр Евграфов, Сергей Демагин мен Константин Савенков алмастырады. Соңғы екеуі көкшетаулық ұжымның құрамында бұрын да өнер көрсеткен. Көшбасшылыққа Михаил Демидов оралды. Соңғы 4 маусымда Иван Киселёв Қазақстан чемпионатында 200-ден астам ұпай жинады 

Көшбасшы 

Команда өткен маусымдағы үздік үш бомбардирін құрамда қалдырды және бұл ойыншылардың кез келгені команданы жаңа жорыққа бастауы мүмкін. Мәселен Иван Киселёв «Арланда» 4 соңғы маусымын өткізіп, осы уақыт ішінде 218 (!) ұпай жинақтады. Вадим Бердников көкшеліктер құрамындағы 3 маусым ішінде өз қоржынына 129 ұпай жинады. Ал Дмитрий Шитиков жөнінде барлығы айтылды. Айтқандай, үшеуі маусымды бір топта бастауы әбден мүмкін. 

Не күтеміз 

«Арлан» әдеттегідей тек медаль емес, сондай-ақ чемпиондыққа күресте ең басты үміткерлердің бірі саналады. Бапкерлер штабы түрлі түйткілдерге қарамастан өте салмақты құрамға ие, және оны трансферлік уақыт аяқталғанша кез келген уақытта күшейте алады. Алайда маусымалды дайындықтың мүлдем болмауы чемпионат басында көкшеліктерді сүріндіруі мүмкін.