2022/23 жылғы маусымдағы клубтар жұмысының қорытындысы

16 mamyr
1193

Қазақстанның хоккей федерациясы Parimatch-Pro и Jastar Hokei Ligasy клубтарының жұмыскерлеріне арналған алғашқы жыл сайынғы сыйлықтың қорытындысын жариялайды.

ҚХФ арнайы жабық ресурсында клуб өкілдері әрбір қолжетімді аталым бойынша жеңімпаз үшін дауыс беруге мүмкіндік алды.

Баспасөз қызметі. Медиа-жоспарды орындау сапасы мен жеделдігі, ҚХФ өкілдерімен өзара іс-қимыл барысындағы жеделдік, клубтың ресми сайтын өзекті ақпаратпен уақытылы толтыру және сұхбат, аналитикалық материалдар және т.б. сияқты басқа да мәселелер бағаланды.

SMM. Жазылушылар санының өсімі туралы деректер, үздік посттар, пайдаланушылардың пікірлері мен басқа да ақпаратты ұсыну қажет болды.

Медиа-проект. Клуб өміріне енгізілген немесе енді енгізілетін өз жобаң туралы айтып беру қажет болды. Ол ойыншылар туралы арнайы бағдарлама, матч алдындағы шоу, дәстүрлі әлеуметтік іс-шаралар және басқалары болуы мүмкін.

Жанкүйерлермен жұмыс. Жанкүйерлерді трибуналарға тартуға және жанкүйерлерді клуб өміріне тартуға бағытталған түрлі іс-шаралар туралы презентация түрінде баяндау қажет болды.

Демеушілік интеграция. Демеушілерді тарту бойынша жұмысты; демеушілердің ойыншылармен, жанкүйерлермен өзара байланысын, сондай-ақ ынтымақтастық нәтижесін көрсету қажет болды.

Фотограф. Клубтың немесе шақырылған фотографтың үздік жұмыстарын қоса беру қажет. Жұмыс сапасы, Регламент талаптарына сәйкестік, тың суреттер, эмоциялардың берілуі және басқалары бағаланды.

Клуб жетекшісі. Клуб пен тұтас хоккейді дамытуға бағытталған басқарушы құрам жұмысын көрсету қажет болды. Сондай-ақ клубтың спорттағы жетістіктері, маркетинг және PR бағытындағы жұмыс және басқа да факторлар ескерілді.

Дауыс беру қорытындысы

Үздік баспасөз қызметі – «Торпедо»

Үздік SMM – «Ақтөбе»

Үздік медиа-жоба – «Хумо»

Жанкүйерлермен үздік жұмыс – «Хумо»

Үздік демеушілік интеграция – «Торпедо»

Үздік фотограф – «Арлан»

Үздік клуб жетекшісі – «Барыс»

Қазақстанның хоккей федерациясы клубтарды аталмыш аталымдардағы жеңісімен құттықтайды және шығармашылық табыс, тұрақтылық пен кәсіби өсу тілейді!


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.