Өз командасының ең нәтижелі ойыншыларының қатарына кірген «Торпедо» шабуылшысы Александр Дзедаев клуб баспасөз қызметіне берген сұхбатында маусымды қорытындылады.
- Александр, маусым артта қалды. Команда өнеріне ойыншы тұрғысынан қандай баға бересіз?
- Жақсы деп айтуға келмейді. Чемпионаттың бастапқы кезеңін қоспағанда, «қанағаттанарлықсыз» деген баға беруге болатын шығар. Алғашқы сегіз матчты жаман өткізген жоқпыз, «Арланмен» есе жіберген үйдегі екі матчтан бастап (0:6, 2:9), содан кейінгі «Снежные Барсы» командасын екі рет жеңгеннен кейін жиі ұтыла бастадық және он жеті матч бойы көз ашпадық. Плей-оффқа өтпедік. Сондықтан маусымдағы өнерімізге басқа баға беру қиын.
- Осы жеңілістер сериясы психологиялық қысымға ұшыратты ма?
- Әрине, жиі жеңілген кезде, әсіресе, қарсыластан ойсырай жеңілгенде, көңіл күй болмайды. Алайда ол шабуыл жасауға тікелей әсер етті деп айта алмаймын.
- Серияны «Құлагерге» қарсы ойындағы жеңіс үзді. Үш жаңа ойыншының келуі ұжымды жандандырды ма?
- Кейбір жігіттерге бұл әсер етті деп ойлаймын, себебі құрамда бәсеке пайда болды. Кейбіреуі негізгі құрамдағы өз орны туралы ойналып қалды. Стас Петросян, Денис Буденчук пен Илья Олендаренко команда ойынына жаңа леп әкеліп, «Құлагерге» қарсы ойында психологиялық тұрғыдан маңызды жеңіске қол жеткізуге мүмкіндік берді.
- Өзіңіз үшін жеке статистика мен ойын тұрғысынан маусым алдыңғыларға қарағанда жақсырақ болды ма?
- Мұнымен келіспеймін. Иә, биылғы маусымда ойын тәжірибесі көбірек болды. Алдыңғы маусымда көбінесе төменгі звеноларда ойнадым немесе запаста отыратынмын. Ал биылғы маусымда бапкерлер маған Александр Архиповпен және Антон Петровпен бірге бірінші звенода ойнауды сеніп тапсырды, одан кейін Алексей Зубовпен және Эрик Алдабергеновпен бірге жақсы ойнадық. Ал сәтсіз ойындар сериясы кезінде мені қайтадан Архипов пен Петровтың қасына қайтарды. Маусымның бірінші жартысында нәтижелілік жақсы болды, ал жаңа жылдан кейін құлдырау басталды.
- Маусымаралыққа қандай жоспарлар бар?
- Алдымен Алматыға барғым келеді. Маған Алматы, таулар, Медеу, Шымбұлақ ерекше ұнайды, әсем қаланың өзіндік атмосферасы бар. Одан кейін Түменге, үйіме барамын, Владикавказға жол жүру жоспарда бар.
- Жанкүйерлерге не айтасыз?
- Жанкүйерлерге әрдайым командаман бірге болыңыздар, ештеңеге қарамастан, трибуналардан қаттырақ қолдау білдіріңіздер дегім келеді. Хоккей – жеңістер де, жеңілістер де болатын ойын. Жанкүйерлермен ортақ «вайбты» сезінген ойындар болды, мәселен, «Сарыарқаға» қарсы ойында. Жиірек болып тұрса ғой!
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.