Маусымның қорытындысы. Торпедо

4 mamyr
1429

Чемпионаттың плей-офф кезеңіне өте алмаған Parimatch-Pro Hokei Ligasy ұжымдары үшін 2022/23 маусымын қорытындылаймыз. Бүгін біз «Торпедо» туралы сөз қозғаймыз.

Нәтиже

Чемпионат басталар алдында «Торпедо» минимум бағдарламасын аяқтай алмай, тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша маусымды аяқтайды деп ешкім ойламаса керек. Құрамның елеулі жаңаруы мен жасаруына қарамастан, қыркүйекте өскемендіктер ұпай жинап, жеңістерге қол жеткізіп жүрді. Ал қазанның ортасынан бастап команда құлдырап, сәтсіздіктер кезеңі басталды. Команда қатарынан 17 матчта жеңіліп, екі айда екі-ақ рет ұпай жинады. Осы кезең шешуші болып, одан кейін Евгений Фадеевтің ойыншылары әрең ес жиды. Алайда плей-офф үшін жорыққа орала алмады. Нәтижесінде, «торпедолықтар» 11 ғана жеңіске жетіп, 28 ұпай жинады. Бұл турнир кестесінде оныншы қатардан жоғары көтерілуге мүмкіндік бермеді.

Сандар мен деректер

Өскемендік команданың сәттерді жүзеге асыруында үлкен қиындықтар болды. Лигадағы нәтижелілік бойынша «Торпедо» тек «Снежные Барсы» командасынан озды – 87 гол (әр матчта орта есеппен 1,98). Чемпионат барысында Фадеевтің ойыншылары бірнеше ірі жеңіліске ұшырады. Олардың ең ауыр тигені «Сарырқа» мен «Номадтан» 1:9 болып, ал «Арлан» мен «Горняктан» 2:9 болып жеңілуі. Өскемендіктер ең ірі жеңіске «Снежные Барсы» командасымен текетіресте қол жеткізді – 4:1.

Көшбасшылар

Биылғы маусымда бірінші нөмір позициясын Андрей Янков (28 матч, 5 жеңіс, СК – 3,94). Алайда Антон Осокиннің дамуын айтпай кетуге болмайды. Жас голкипер ересектер деңгейіндегі толыққанды маусым үшін біршама жақсы статистика көрсетті. Ол 20 кездесуде 6 жеңіске жетті, соққылардың 91,1%-ына тойтарыс беріп, орта есеппен 3,4 шайбадан өткізді. Дмитрий Громов команда қорғаушылары арасынан 10 (1+9) балдық межеге жеткен жалғыз ойыншы атанды. Тәжірибелі ойыншының маусымдағы 44 кездесудің барлығына шыққанын атап өту қажет. Құрамның жасарғанына қарамастан, «Торпедоның» ең нәтижелі ойыншысы Александр Шин (27 ұпай, 9+18) болып отыр, қазақстандық хоккейдің аңызға айналған ойыншысы қазір маусымды «Сарыарқа» құрамында жалғастыруда. Александр Дзедаев 12 голымен маусымдағы «Торпедоның» үздік сұр мергені атанды.

Қорытынды

Құрамның күрт жасаруы өз салқынын тигізді. «Торпедоның» көптеген ойыншылары мұндай деңгейдегі толыққанды маусымды бірінші рет өткерді және олардың көпшілігіне тәжірибе жетіспеді. Алдағы уақытта мұндай қадам өз жемісін беруі мүмкін. Маусымнан айрылып, өскемендіктер болашаққа дайындық жасады, бапкерлер штабының алда атқаратын жұмысы көп. Себебі жастарды дамудың келесі сатысына жетелеп қана қоймай, нәтиже де беру қажет. Биылғы нәтиженің өскемендік жанкүйерлердің көңілінен шығуы екіталай.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.