Pro және Jastar Hokei Ligasy клуб басшыларының жиыны өтті

24 sáýir
1280

Астанада Pro және Jastar Hokei Ligasy клуб басшыларының, сонымен қатар Қазақстанның хоккей федерациясы өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.

Іс-шара аясында Қазақстанның ересек және жастар чемпионаттары регламенттерінің кейбір баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, жас хоккейшілердің регламенттелген ойын уақытын ұлғайту, матч өтінімінде Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы үшін ойнауға құқылы ҚР азаматтығы бар хоккейшілерді арттыру, өтінімде Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы үшін ойнауға құқылы 30 және одан жоғары жастағы хоккейшілер үлесін азайту және басқа да тақырыптар талқыланды.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.