Номад Pro Hokei Ligasy Кубогімен және Қазақстан чемпионатының алтын медальдарымен марапатталды

12 sáýir
2017

Ташкентте Parimatch-Pro Hokei Ligasy-ның 2022/23 маусымының жабылу салтанаты болып өтті.

Іс-шараға Қазақстанның хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин, Өзбекстанның хоккей федерациясыныңң президенті Бахтиёр Фазылов, ҚХФ бас директоры Глеб Каратаев және ӨХФ бірінші вице-президенті Баходыр Гафуров қатысты.

Финалдық серияда астаналық «Номад» пен Pro Hokei Ligasy-на 2022/23 жылғы маусымда оралған ташкенттік «Хумо» кездесті. Бес матчта Қазақстан астанасынан шыққан ұжым жеңіске жетті. Ғалым Мәмбетәлиевтің ойыншылары соңғы алты жылда алғаш рет ел чемпионы атанып, алтын медальдарға ие болды. Евгений Попихиннің командасы маусым финалисі ретінде медальмен марапатталды.

Сондай-ақ маусымның үздік хоккейшілері өз амплуасында марапат алды.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.