Ильгиз Нуриев – Құлагердің бас бапкері

11 sáýir
1166

Петропавлдық клуб негізгі команданың бапкерлер штабындағы өзгерістер туралы хабарлады.

Бас бапкер қызметіне петропавлдық жанкүйерлерге жақсы таныс Ильгиз Нуриев тағайындалды. Ойыншы кезінде Нуриев бірнеше маусым бойы «Құлагердің» капитаны әрі көшбасшысы болды. Бапкерлік қызметке Ильгиз Равилевич өткен маусымның соңында кірісті. 2022/23 жылғы маусымда «Құлагердің» жастар командасы оның жетекшілігімен өз тарихында алғаш рет Қазақстан чемпионатының плей-оффына шықты және Parimatch-Jastar Hokei Ligasy финалына дейін жетті.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.