Ташкентте Parimatch-Pro Hokei Ligasy финалдық сериясының алғашқы матчы өтті.
Финалдың алғашқы голын «көшпенділер» салды. Әлихан Өмірбеков оң жақ қапталдан жасалған дөп соққысымен «Хумоның» голкипері Роман Смирягинді әбден састырды. Қонақтардың жетістігін Әділ Бекетаев өрістетті, ол командаластарының көмегімен ізін кесушілерден алшақтап, екінші рет жергілікті жанкүйерлерді сан соқтырды.
Келесі шайбаны көрермен 20 минутқа жуық уақыт күтті. Денис Шураков берілген пасты жетер жеріне жеткізіп, есеп алшақтығын азайтты. Ал қорытынды кезеңде алаң иелерінің артық құраммен шабуылдауы нәтижесінде Максим Труневке оңтайлы сәт туып, Андрей Шутов қақпасын қорғай алмады. Нәтижесінде ойын овертаймға өтіп, онда Тимур Шингареев Евгений Попихиннің командасына жеңіс сыйлады.
«Хумо» есеп 0:2 болып тұрған жерінен есе қайтарып, финалдық серияны жеңіспен ашады. Текетірестің екінші матчы ертең Ташкентте өтеді.
«Хумо» - «Номад» 3:2 ОТ1 (0:2, 1:0, 1:0, 1:0)
0:1 - 02:23 - Омирбеков (Колобов)
0:2 - 14:18 - Бекетаев (Рахманов)
1:2 - 33:49 - Шураков (Чеботарев, Синявский)
2:2 - 53:28 - Трунев (Валеев, Кириллов) ГБ
3:2 - 62:28 - Шингареев (Дорофеев, Сулимов)
Қақпашылар: Смирягин – Шутов
«Хумо» - «Номад» сериясындағы есеп: 1-0 (3:2 ОТ1)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.