ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның ерекше көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.
Өткен ойын кезеңінің үздік ойыншысы деп «Теміртаудың» шабуылшысы Владислав Кулиев танылды. Ол «Сарыарқаға» қарсы ойында өз командасының жеңіске жетуіне үлкен үлес қосты. «Теміртаудың» 16-шы нөмірлі ойыншысы аз құраммен бір шайба салып, бірінші ойында дубль жасады. Екінші кездесуде Владислав тағы бір голдың авторы атанды.
Негізгі уақытта қол жеткізген екі жеңістің арқасында Роман Козловтың командасы көшбасшылар үштігінде орнықты және соңынан келе жатқан командалардан ұпай саны бойынша алға кетті.