Жанкүйерлер наурыз айының екінші аптасының үздік голының авторын, ең тиімді күштік әдіс пен үздік сейв жасаған қақпашысын анықтаған онлайн дауыс беру аяқталды.
Аптаның үздік голын «номадтық» Олег Бойко салды.
Жанкүйерлердің пікірінше, үздік күштік әдісті «Хумо» өкілі Никита Зимин жасады.
Аптаның үздік сейвін өз есебіне «Хумо» қақпашысы Роман Смирягин жазды.
Жартылай финалдық сериялардың қорытынды ойындарындағы үздік сәттер үшін дауыс беру бүгін ашылады. Барлық видеоларды Youtube-тегі Insport арнасынан табуға болады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.