Апта ойыншысы – Алексей Кириллов

13 naýryz
1157

Parimatch-Pro Hokei Ligasy плей-оффының төртінші аптасын қорытындылайық.

Өткен кезеңнің ойыншысы Алексей Кириллов болды. «Хумо» қорғаушысы өткен аптаның басты сұрмергендерінің бірі атанды. Атап өтетін жайт, ташкенттіктердің жартылай финалдық серияда «Бейбарыс» қақпасына салған бес шайбасының төртеуі Кирилловтың есебінде. Ол бірінші кезеңде екі рет көзге түсіп, «Хумо» үшін табысты матчта қарсыласты екі рет састырды, оның ішінде жеңіс шайбасын да өзі салды. Екі кездесу барысында Алексей қарсы қақпаға 9 рет нәтижелі соққы жасап, 3 соққыны бұғаттады және кезеңді +2 пайдалылық көрсеткішімен аяқтады.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.