«Горняк» «Алтай Торпедодан» жеңісті жұлып әкетті. «Ақтөбе» мен «Бейбарыс» жеңімпазды овертаймда анықтады.
«Горняк» пен «Алтай Торпедоның» екінші кездесуінде рудныйлықтар баршаны таң-тамаша етті. Сергей Невструевтің ойыншылары финалдық ысқырыққа 113 секунд қалғанда 1:2 есебімен есе жіберіп келе жатқан. Алайда ары қарай «кеншілер» бар күш-жігерді жинап, негізгі уақытта жеңісті жұлып әкетті.
"Горняк" – "Алтай Торпедо" 3:2 (1:1, 0:1, 2:0)
1:0 – 07:13 – Бархаткин (Воронин, Щанкин)
1:1 – 19:47 – Худяков (Караваев, Михайлов) ГБ
1:2 – 31:31 – Дзедаев (Хоменко, Михайлов)
2:2 – 58:07 – Власов (Кротов, Москалев)
3:2 – 59:26 – Бархаткин (Воронин, Щанкин)
Қақпашылар: Акулинин – Нурек В.
«Ақтөбе» мен «Бейбарыс» арасындағы матч та тартысты өтті. Мұнда командалар жеңімпазды тек овертаймда анықтады. Екі шайба артта қалған алаң иелері үшінші кезең бойы есесін қайтарумен айналысты. Қосымша бес минутта Иван Зинченконың дөп салған шайбасы «Ақтөбеге» екі ұпай сыйлады.
"Ақтөбе" – "Бейбарыс" 4:3 ОТ (1:1, 0:2, 2:0, 1:0)
1:0 – 05:30 – Филонов (Степанов) ГБ
1:1 – 14:39 – Петров (Бакика, Савенков)
1:2 – 22:29 – Кожевников (Гарифулин)
1:3 – 38:08 – Кожевников (Закарлюкин)
2:3 – 47:44 – Серегин (Кевлин, Зинченко) ГБ
3:3 – 56:53 – Серегин (Кевлин, Зинченко) ГБ
4:3 – 61:47 – Зинченко (Тесленко, Кевлин)
Қақпашылар: Мальгин – Белоконский