Хумо – Бейбарыс сериясы алдында

9 naýryz
1587

Parimatch-Pro Hokei Ligasy-дағы чемпиондық үшін тартысты жалғастыратын жартылай финалдық жұптар мен командаларды талдауды жалғастырамыз.

«Хумо» (2) – «Бейбарыс» (3)

Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 4:7, 5:2, 1:2 Б, 5:4 Б.

Жекпе-жектердегі үздік бомбардир: Алексей Кириллов (1+3) – Артём Бурделёв пен Александр Воробьев (екеуі де 3+1).

Тұрақты чемпионатта салынған/өткізілген шайбалар: 12/6 – 15/10.

Тұрақты чемпионаттағы үздік бомбардир: Артём Валеев (3+1) – Дмитрий Михайлов (3+3).

Плей-оффтың бірінші раундында «Хумо» төрт кездесу ішінде рудныйлық «Горнякты» жеңіп салды. «Бейбарысқа» жартылай финалға шығу үшін көршілес «Ақтөбемен» бес матч ойнау қажет болды.

«Хумо» мен «Бейбарыстың» төрт матчының екеуі маусымда буллиттер сериясында аяқталды.

Алдағы текетіресті қақпашылар дуэлі тұрғысынан қарастыруға болады. Роман Смирягин плей-оффтың төрт кездесуінде соққылардың 95,5%-ына тойтарыс беріп, алты шайба ғана өткізді (әр ойында орта есеппен 1,4). Ал «Хумо» биылғы плей-оффта әзірге қорғаныстағы ойын бойынша үздік команда.

Ел батысына жақында ғана ойысқан Роман Калмыков бірден «Бейбарыстың» нөмірі бірінші ойыншысы атанды. Қақпашы «Ақтөбемен» серияны аяқтарда соққылардың 94,5%-ына тойтарыс беріп, сенімділік коэффициенті 2 болды.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.