Сарыарқа – Номад сериясы алдында

8 naýryz
1260

Parimatch-Pro Hokei Ligasy-ндағы чемпиондық үшін тартысты жалғастыратын жартылай финалдық жұптар мен командаларды талдауды бастаймыз.

«Сарыарқа» (1) – «Номад» (4)

Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жек кездесулер: 3:2, 3:1, 2:4, 2:3 ОТ.

Жекпе-жек матчтардағы үздік бомбардир: Эдгарс Сиксна (0+4) – Алихан Омирбеков, Данил Бутенко (екеуі де 1+2)

Плей-оффта салынған/өткізілген шайбалар: 22/9 – 20/12

Плей-оффтағы үздік бомбардир: Захар Пархоменко (3+3) – Батырлан Мұратов (3+5)

Ширек финалда елдің қазіргі чемпионы «Сарыарқа» аз ғана матч ішінде петропавлдық «Құлагерді» жеңіп кетті. «Номадқа» керісінше «Арланмен» жеті рет кездесуге тура келді. Және шешуші матчта елордалық ұжым көкшетаулық қарсыласын ойсырата жеңді.

Бұл текетіресте ағымдағы плей-оффтың екі үздік бомбардирі Батырлан Мұратов пен Захар Пархоменко кездеседі. Екеуі де әр ойын үшін бір нәтижелі балдан артық кестесімен келе жатыр.

Сондай-ақ бұл жұпта биылғы кубоктік раундтың ең көп шайба салатын командалары ойнайды. Бір қызығы, қарағандылықтар ¼ финалда небәрі төрт кездесу өткізгеніне қарамастан бұл компонент бойынша көшті бастап келеді (22 гол).

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.