Сергей Невструев: «Лиганың үздік қорғанысына тап болдық»

5 naýryz
1708

«Горняктың» бас бапкері Сергей Невструев клуб баспасөз қызметіне берген сұхбатында өткен маусымды қорытындылады.

- Әрбір матч әртүрлі болды. Тегеурінділігіміз ұнады, мұны барлық қарсыластарымыз атап өтті. Ширақтық ұнады, жігіттер алысқа жол жүрулерге қарамастан, дене дайындығы тұрғысынан осалдық танытпады. Жеңілістер сериялары ұзаққа созылмады, біз негізгі компоненттерде жылдамдық қостық. Иә, плей-офф біз үшін аса сәтті болмады, алайда біз тартыстық, жігіттердің табандылығы, жан аямай ойнағаны ұнады, ілгерілеу бар алға, бұл қуантады. Трибуналар мен әлеуметтік желіде белсенді жанкүйерлерге айрықша алғыс айтқым келеді.

- Егер «Хумо» болмаса, әрі қарай тартысуға мүмкіндік болар ма еді?

- Иә, лиганың үздік қорғанысына тап болдық. Алайда мұнда талқылауға келмейді, әр ойын әртүрлі. «Хумомен» де мүмкіндік болды, алайда бізге кей тұстарда шеберлік, салқынқандылық жетіспеді. Барлық матчтарда беріспедік, жеңуге мүмкіндіктер де болды. Жігіттерді жауапкершіліктің жүгі, кей тұстарда еркіндіктің болмауы сүріндірді. Тұрақты чемпионатта көбірек салар едік. «Хумомен» матчтарда бізге гол жетіспеді, барлығы алты гол салдық, әр ойында бір-екі голға артық салғанда, барлығы басқаша болар еді.

- Енді қандай жұмыс күтіп тұр? Келесі маусымның алдында жолдастық матчтар бола ма?

- Жігіттерді әзірге тараттық, екі-үш апта демалыста болады, содан кейін жеке-жеке жұмыс басталады: әрбіріне график жібереміз, немен жұмыс жасау керектігін белгілейміз. Шілдеге, жиындарға жақындағанда қараймыз. Жолдастық матчтар туралы тамыз айында сөйлесеміз. Әдетте петропавлдық клубпен ойнаймыз. Олар үшін де, біз үшін де ыңғайлы логистика. Басқа да клубтармен болады. Біздің өзіндік өте жақсы жаттығу базамыз бар.

- Командада жас ойыншылар көп, оларға қандай талаптар қойылады?

- Барлығы салыстырмалы түрде, жасына байланысты. Бірінің жасы 17-де, бірінің жасы 18-де, жасы үлкендеу де ойыншылар бар, бірақ барлығы жастар. Әрбірімен жеке-жеке жұмыс жасау керек. Әрине, рудныйлық жігіттерге техникалық-тактикалық мәселелер, дене дайындығы жағынан қиындау, оларға бейімделіп, жоғары жылдамдыққа, контактілі хоккейге үйренісу қажет.

- Сіз клубта қаласыз ба?

- Менімен келісімшартты ұзарту туралы клуб басшылығымен алдын ала келісім бар.

- Келесі маусымға қандай мақсаттар бар?

- Биылғы маусымнан нашар ойнамау, плей-оффқа өту, өсім көрсету. Әрбір маусымда нәтижені жақсарту керек, әйтпесе, ойнаудың мәнісі жоқ. Команданың жасақталуы, регламенті, чемпионаттағы команда саны бойынша қараймыз ғой. Алайда алға ұмтылу керек. Көбірек жеңіс, көбірек шайба тілеймін!

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.