Андрей Спиридонов: «Жеңіліске ұшыраған ойындар қорытынды нәтижеге әсер етті»

2 naýryz
1657

«Алматының» бас бапкері Андрей Спиридонов клуб баспасөз қызметіне берген сұхбатында өткен тұрақты чемпионатты қорытындылады.

«Алматының» бас бапкері Андрей Спиридонов клуб баспасөз қызметіне берген сұхбатында өткен тұрақты чемпионатты қорытындылады.

– Андрей Владимирович, өткен маусымға қатысты қандай пікірдесіз?

Өкінішке орай, маусым біз үшін аяқталды. Біз сегіздікке, плей-оффқа енбедік. Маусымның басында біз психологиялық қысымға түсіп қалып, көп матчта жеңілдік, көп жарақат алдық. Кейін жағдай түзеліп, ұпай жинай бастадық. Алайда жеңіліске ұшыраған ойындар қорытынды нәтижеге әсер етті.

– Бұл – Сіздің бас бапкер рөліндегі алғашқы маусымыңыз. Өзіңіздің алғашқы ресми матчыңызда бапкерлер мінберіне шыққанда қандай сезімде болдыңыз?

Маған бұл қызметті сеніп тапсырған басшылыққа алғыс айтамын. Екіұдайы сезімде болдым. Матч басталар алдында аздаған қобалжу болды. Алайда ойынға шыққаннан кейін сенімділік пайда болды.

– Алдағы маусымға құрамды жасақтау бойынша қандай жоспарларыңыз бар?

Қаржылық мүмкіндіктерімізге қараймыз. Алдағы маусымға қандай ойыншылар тарта алатынымызды байқамыз. Биылғы құрамнан әрі қарай жұмыс жасағымыз келетін бірқатар ойыншыларды анықтадық.

– Биылғы маусымда «Алматы» үшін ойнаған жас ойыншыларға қандай баға бере аласыз? Жастар командасынан ойыншылар шақырыла ма?

Кейбір жас ойыншылар күтпеген жерден қуантып, негізгі құрамнан орын алды. Бұл қуантады. Кейбірі бәсекеге төтеп бере алмады. Бұл жерде адамға өжеттік танытып, әрі қарай негізгі командада ойнау үшін беріспеу керек. Жиындарға міндетті түрде бір топ жас ойыншыны шақырамыз. Жергілікті жастар болады, ҚЖЛ мен «Алматы Жастан» жігіттерді шақырамыз. Әрі қарай барлығы өздеріне байланысты. Әрбіріне өзін көрсетіп, негізгі құрамда ойнауға лайық екендерін дәлелдеуге мүмкіндік береміз.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.