Евгений Фадеев: «Толыққанды маусымалды дайындықсыз мұндай құлдыраулар болады»

1 naýryz
1508

«Торпедоның» бас бапкері Евгений Фадеев клуб баспасөз-қызметіне берген сұхбатында өткен тұрақты чемпионатты қорытындылады.

- Евгений Александрович, «Торпедоның» ең күрделі маусымы артта қалды. Қорытынды нәтижені анықтауда қандай факторлар шешуші болды?

- Өкінішке орай, маусым тым ерте аяқталды. Жанкүйерлерімізге, әсіресе, тұрақты чемпионаттың «Сарыарқамен» матчтарында білдірген қолдау үшін айрықша алғыс айтқымыз келеді. Осы маңызды матчтар үлкен аудитория жинап, жанкүйерлер бізді алға қарай талпындырды. Әрдайым жігіттерге жанкүйерлер үшін және кеудедегі эмблема үшін ойнаймыз деп айтамыз! Құрам жасарды, жігіттердің көпшілігі үшін бұл маусым ересектер командалары арасындағы толыққанды алғашқысы болды. Мұндай деңгейде ойын тәжірибесі жетіспеді. Бейімделіп, жастар хоккейінен өтуге уақыт керек.

- Күзде командада құлдырау болды: қатарынан 17 жеңіліс. Мұның себебі түсінікті ме?

- Мұндай құлдырау күтілді. Толыққанды маусымалды дайындықсыз мұндай құлдыраулар болады. Оның үстіне, құрамның жеткілікті тереңдігі мен тиісінше негізгі құрамдағы орын үшін бәсекелестік болмады. Әрине, жеңілістер сериясы жалғасқан кезде бұл психологиялық тұрғыдан қысым көрсетеді.

- Александр Шинның оралғаны жақсы болды. Чемпионаттың басты «ақсақалының» ойынына қандай баға бересіз?

- Александр «Торпедоға» чемпионаттың басында оралды. Өзінің жаттығуларға, матчтарға деген қарым-қатынасымен, мұздағы шеберлігімен қалғандарына үлгі бола білді. Жиған ұпай саны бойынша Шин команданың үздігі атанды – 27. Түрлі звеноларда байқап көрдік, ал командаға Стас Петросян мен Денис Буденчук оралған кезде олар бір-бірімен тез тіл табысып, мықты звено пайда болды. Әсіресе, артық құрам ұйымдастыруда ұтымды.

- Сіз 2002, 2003, 2004, 2005 жылы туылған жас хоккейшілерді тарттыңыз. Олардың ойынына қандай баға бересіз?

- Иә, бұл маусымда шеберлер командасы үшін Қазақстан жастар лигасында өнер көрсеткен және әлі де клубтың намысын қорғап жүрген жергілікті тәрбиеленушілердің ауқымды тобы: қорғаушылар Данила Беляков, Кирилл Хан, Дмитрий Дьяченко, Никита Побединский, Глеб Астраханцев, Диас Рысбеков, Даниил Якубджанов, Максим Базанов, Кирилл Бельков, Данила Омельковец, қақпашылар Иван Пыленок, Никита Эрштейн өнер көрсетіп бастады. Біз оларға қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беріп, мұндай жаста болуы заңды ойындағы қателіктері үшін запасқа отырғызып қоймауға тырыстық. Әрбірінің әлеуеті бар, жастар хоккейінен көтеріліп, сырғанаудағы, пас беру мен шайба қабылдаудағы негізгі дағдыларды жетілдіріп, физикалық дайындықты ұмытпау қажет.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.