Апта ойыншысы – Александр Шин

28 aqpan
1028

Parimatch-Pro Hokei Ligasy плей-оффының екінші аптасын қорытындылайық.

Өткен кезеңнің ойыншысы ретінде Александр Шин танылды. Тәжірибелі форвард «Сарыарқа» плей-офф алдында жалдау құқығымен өтіп, қарағандылықтардың шабуылдаушы схемаларына айтарлықтай жылдам бейімделіп кетті. Өткен аптада Шин биылғы кубоктік раундта бірінші болып хет-трик жасады және өз командасына аз ғана матч ішінде «Құлагермен» ширекфиналдық серияны жеңуге көмектесті. Сол жеңісті ойында Александрға үш голды салуға небәрі төрт соққы жеткілікті болды (75% іске асырылды).

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.