Бейбарыс жартылай финалда, Номад тағы да серияда алға шықты

27 aqpan
1067

Астана мен Атырауда екі ширекфиналдық сериялардың кездесулері өтті.

«Номад» пен «Арланның» бесінші кездесуінде «көшпенділер» финалдық ысқырыққа 34 секунд қалғанда шешуші шайбаны салып, маңызды жеңіске қол жеткізді. Жекпе-жек қаһармандарының бірі – алдымен артық құрам ұйымдастырып, кейін есеп теңестірген, әрі қарай шабуыл жасап, Андрей Руновтың бос қақпасына шайба дарытқан Батырлан Мұратов. Алаң иелерінің қақпашысы Андрей Шутов қақпаға бағытталған 26 соққыға тойтарыс берді.

Осылайша, Ғалым Мәмбеталиевтің ойыншылары сериядағы үшінші матчты жеңді. Алтыншы ойын Көкшетауда 3 наурызда өтеді.

«Номад» - «Арлан»2:1 (0:0, 1:1, 1:0)

0:1 - 24:49 - Гренц (Клочков) ГБ

1:1 - 38:28 - Муратов (Бойко, Мухаметов) ГБ

2:1 - 59:26 - Рунов (Королёв, Муратов)

Қақпашылар: Шутов - Мейдер

«Номад» - «Арлан» сериясындағы есеп: 3-2 (4:3 ОТ1, 2:3 ОТ3, 4:0, 2:3, 2:1)

Атыраудағы матч та дәл осындай сценариймен өтті. «Ақтөбе» бірінші кезеңде Дмитрий Потайчуктің көмегімен есеп ашты. Алайда әрі қарай алаң иелері екінші және үшінші кезеңнің соңында екі рет гол салды. «Бейбарысқа» жеңісті Муса Гусейновтің дөп соққысы сыйлады. Роман Калмыков өз командасына 28 сейвпен көмектесті.

Артём Аргоковтың ойыншылары «Ақтөбемен» серияны бес матч ішінде жауып, жартылай финал бойынша өз қарсыласын анықтады. Ол ташкенттік «Хумо» болмақ. Осы текетірестің бастапқы матчы Өзбекстан астанасында 11 наурызда өтеді.

«Бейбарыс» - «Ақтөбе» 2:1 (0:1, 1:0, 1:0)

0:1 - 02:51 - Потайчук (Хамматов)

1:1 - 38:20 - Маркелов (Колесников, Кутугин)

2:1 - 55:17 - Гусейнов (Селезнёв) ГБ

Қақпашылар: Калмыков - Шаров

«Бейбарыс» - «Ақтөбе» сериясындағы есеп: 4-1 (4:1, 2:4, 3:2, 4:2, 2:1)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.