Хумо мен Сарыарқаның плей-оффтың екінші раундына шығуына бір қадам қалды, Шин хет-трик жасады

21 aqpan
1276

Петропавл мен Рудныйда екі ширекфиналдық сериялар өтті.

«Құлагер» мен «Сарыарқа» үшінші текетіресте нағыз атыс ұйымдастырды. Екі команда біріккенде 12 шайба салды. Бүгін тағы да қарағандылықтар дәлірек көздеді. Александр Шин хет-триктің авторы атанды, алаң иелерін екі рет Владислав Сайко састырды. Петропавлдықтар құрамынан екі дөп соққы Владимир Волковқа тиесілі.

Петерис Скудраның ойыншылары Қазақстан чемпионаты жартылай финалынан үмітті екендерін байқатты.

«Құлагер» - «Сарыарқа» 4:8 (3:3, 1:3, 0:2)

0:1 - 04:41 - Шин (Пархоменко, Шапорев) ГБ

1:1 - 06:29 - Волков (Лызин, Пылаев) ГБ

2:1 - 13:07 - Волков

2:2 - 14:10 - Сайко (Твердохлебов)

2:3 - 17:49 - Шин (Дёмин, Данияр)

3:3 - 18:29 - Камбулов (Рыжих, Старцев)

4:3 - 24:02 - Пылаев (Кузнецов)

4:4 - 26:02 - Шин (Данияр, Огиенко)

4:5 - 28:27 - Данияр (Дёмин, Огиенко)

4:6 - 38:00 - Сайко (Дёмин, Анисимов)

4:7 - 53:01 - Пархоменко

4:8 - 59:40 - Борисов (Двуреченский, Дёмин)

Қақпашылар: Хозяшев - Микушин

«Сарыарқа» - «Құлагер» сериясындағы есеп: 3-0 (3:1, 4:3, 8:4)

«Хумо» «Горнякпен» серияның үшінші матчында жеңісті жұлып әкетті. Командалар бірінші кезеңде нәтижелі шабуылдармен алмасты. Оскар Юлбарисовтің дөп соққысына Денис Шураков голмен жауап берді. Есеп ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз қалып, командалар тағы да овертаймға кететіндей көрінді. Алайда үшінші кезеңнің аяқталуына 17 секунд қалғанда, қонақтар Максим Труневтің күшімен артық құрам ұйымдастырды.

Осылайша, ташкенттіктер өздерінің сериядағы үстемдіктерін нығайтты. Келесі раундқа шығу үшін Евгений Попихиннің командасына бір жеңіске жету қалды.

«Горняк» - «Хумо» 1:2 (1:1, 0:0, 0:1)

1:0 - 13:52 - Юлбарисов (Щёкин, Канашев) ГМ

1:1 - 16:54 - Шураков (Синявский, Тунхузин)

1:2 - 59:43 - Трунев (Синявский, Игнатушкин) ГБ

Қақпашылар: Нурек - Смирягин

«Хумо» - «Горняк» сериясындағы есеп: 3-0 (2:1 ОТ, 4:2, 2:1)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.