Pro Ligasy-ның ойын күніндегі жалғыз матчта «Алтай Торпедо» түзде «Горнякты» жеңіп кетті.
Өскемендіктер әрбір кезеңде бір шайбадан салып, оған қарсы алаң иелері екінші ойын кезеңінің басында бір ғана голмен жауап бере алды. «Алтай Торпедоның» жеңіске жетуіне голкипері Владислав Нурек атсалысты, қақпашы 28 соққыға тойтарыс берді.
"Горняк" – "Алтай Торпедо" 1:3 (0:1, 1:1, 0:1)
0:1 – 10:48 – Михайлов (Худяков) ГБ
1:1 – 21:25 – Воронин (Юлбарисов, Садиков)
1:2 – 29:50 – Линник (Белохонов, Тихомиров)
1:3 – 57:14 – Скуматов (Дзедаев, Хоменко)
Қақпашылар: Нечвиенко – Нурек В.