Апта ойыншысы – Роман Смирягин

20 aqpan
1026

Parimatch-Pro Hokei Ligasy плей-оффының бірінші аптасын қорытындылайық.

Өткен кезеңнің ойыншысы ретінде Роман Смирягин танылды. «Хумоның» қақпашысы ширекфиналдың «Горнякпен» алғашқы матчтарындағы өз командасының екі жеңісіне елеулі үлес қосты. Екі ойын барысында голкипер 1,34 сенімділік коэффициентімен 74 соққының 71-іне (95,95%) тойтарыс берді. Бұл ретте Смирягин мұзда 134 минут 41 секунд өткізді. Бұл плей-оффтың өткен аптасында ойнаған қақпашылар ішіндегі ең көп уақыт.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.