Александр Истомин: «Жігіттердің ересектер деңгейіндегі алғашқы голдарын салғанына қуаныштымын»

20 aqpan
1586

Parimatch-Pro Hokei Ligasy-ның ең жас командасының бас бапкері Александр Истомин клуб баспасөз қызметіне берген сұхбатында өткен тұрақты чемпионатты қорытындылады.

Parimatch-Pro Hokei Ligasy-ның ең жас командасының бас бапкері Александр Истомин клуб баспасөз қызметіне берген сұхбатында өткен тұрақты чемпионатты қорытындылады.

- Меніңше, жігіттер хоккейде қажет болатын ойын тәжірибесі мен практикасын алды. Оны толықтай өз пайдаларына жаратады деп үміттенем. Егер маусым қорытындысы туралы айтар болсақ, көбірек жеңісті қаладық.

- Жігіттерден кімді атап өтер едіңіз?

- Команданың негізгі қаңқасын 2005 жылы туылған жігіттер құрады. Әрине, соларды атап өткім келеді. Жігіттердің ересектер деңгейіндегі алғашқы голдарын салғанына қуаныштымын. Арыстан Әмірқанов «Бейбарыспен» алғашқы матчта қарсыластың қақпасына алғашқы шайбасын дарытты. Ол үшін бұл өте маңызды жайт. Чемпионат соңындағы атыраулық командамен ойындарды, әсіресе, екінші кездесуді ерекше атап өткім келеді. Алаңда 12 адам ғана болғанымызға қарамастан, командаға үлкен алғыс білдіремін! Иә, біз маусымды сәтсіз бастадық. Алайда ойын өрнегін тапқан жігіттерге алғыс айтамын. Никита Ситниковті, Кирилл Ляпунов пен басқаларын да атап өтуге болады. Команда капитаны Владислав Комаров өзінің көшбасшылық қасиеттерін көрсетті. Тек маусым соңына қарай ауырғаны қиын болды, алайда барлық ойында барысында өзін нағыз капитан ретінде танытты.

- «Снежные Барсы» командасы чемпионаттағы ойынын аяқтады. Әрі қарай немен айналысасыздар?

- 2005 жылғылар Қазақстан жастар лигасына қатысуын жалғастырады. 20 жасқа дейінгі құрама жігіттері Беларусьтегі халықаралық турнирде өнер көрсетті. Енді жаттығуды жалғастырамыз.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.