Бейбарыс – Ақтөбе сериясы алдында

13 aqpan
885

Хоккейден Қазақстан чемпионаты ¼ финалының алдағы жұптары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырамыз.

«Бейбарыс» (3) – «Ақтөбе» (6)

Жеңістер/ұпайлар: 28/62 – 23/50

Тұрақты чемпионатта салынған/өткізілген шайбалар: 156/129 – 132/121

Тұрақты чемпионаттағы үздік бомбардир: Александр Воробьев 37 (17+20) баллов – Иван Кучин 46 (12+34) баллов

Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жек кездесулер: 2:3, 4:1, 4:2, 3:2

Жекпе-жек матчтардағы үздік бомбардир: Захар Шабловский (3+2) – Дмитрий Потайчук (2+1)

Құрамға қосылды: Роман Калмыков (в), Яков Селезнёв (з), Серик Аргымбаев (н), Артём Расулов (н) – Даниил Киселёв (з), Сергей Юдин (н), Нияз Абдрашитов (н)

Қазақстандық жанкүйерлер Қазақстан чемпионатының ширек финалында екінші маусым қатарынан батыстық тартысты тамашалайды. Өткен жылы серияны атыраулықтар жеңіп (4-2), нәтижесінде қола жүлдегерлер атанған болатын.

«Бейбарыс» «Ақтөбені» маусымның үш жекпе-жегінде жеңді. Бұл ретте осы текетірес аясындағы барлық матчтар нәтижелі болды.

Жеңістер мен жиналған ұпайлар арасындағы айырмашылыққа қарамастан, «Бейбарыс» (129) тұрақты чемпионатта «Ақтөбеге» (121) қарағанда көбірек шайба өткізді. Осы көрсеткіші бойынша Артём Аргоковтың командасы плей-оффтың барлық қатысушылары арасынан ең соңғыдан алдыңғы орынды иеленді.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.