«Сарыарқа» - «Алматы» матчы аяқталғаннан кейін тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша жеңісі үшін қарағандылықтарды марапаттау салтанаты болып өтті.
Іс-шараға QHL басқарушы директоры Андрей Сачук қатысты. Аяқталған тұрақты чемпионатта Петерис Скудраның ұжымы 82 балл жинап, Parimatch-ProHokeiLigasy-ның ең нәтижелі командасы атанды (207 шайба салған). Еске сала кетейік, «Сарыарқа» – өткен Қазақстан чемпионатының чемпионы.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.