Көшбасшы үштік алға кетті. 2 желтоқсандағы матчтарға шолу

2 jeltoqsan
1340

«Құлагер» матчтың соңында «Снежные Барсы» командасынан жеңісті жұлып әкетті. «Торпедо» тағы да «Арланнан» басым түсті. «Ертіс» пен «Номад» ойынды матчтың негізгі уақытынан тыс жалғастырды. «Теміртау» екінші рет «Сарыарқаны» жеңіп кетті.

«Құлагер» мен «Снежные Барсы» арасындағы екінші ойында командалар ұзақ уақыт бойы бір-бірінің қақпасына шайба жуыта алмады. Нәтижесінде тәжірибесі молдау петропавлдықтар дегенмен сәттерді ұтымды пайдаланып, шайбаларын өткізді. «Құлагердің» қақпашысы Андрей Янков 27 соққыға тойтарыс беріп, маусымдағы алғашқы «құрғақ» ойынын өз есебіне жазды.

"Снежные Барсы" – "Құлагер" 0:2 (0:0, 0:0, 0:2)

0:1 – 54:28 – Хорошев (Первухин, Рамазанов)

0:2 – 59:38 – Попитич (Логинов) ПВ

Қақпашылар: Калмыков – Янков

«Торпедо» мен «Арланның» екінші кездесуінде есеп қайталанды – 2:1. Кездесу нәтижесі алаң иелерінің пайдасына шешілді. Өскемендіктердің голкипері Андрей Шутов қақпаға бағытталған 38 соққыға тойтарыс берді.

"Торпедо" – "Арлан" 2:1 (0:0, 1:0, 1:1)

1:0 – 31:55 – Шин (Лихотников, Кузнецов)

2:0 – 50:16 – Стулов (Савицкий)

2:1 – 59:12 – Черкасов (Бердников В., Шитиков)

Қақпашылар: Шутов – Штукерт

«Ертіс» кешегі «Номадпен» ойындағы құрғақ жеңілістен кейін нәтиже шығарған сыңайлы, алайда павлодарлықтар «көшпенділермен» қақтығыста бір ғана ұпай жинай алды. Жеңімпаздар құрамынан Никита Клещенко дубль жасап, көзге түсті.

"Ертіс" – "Номад" 3:4 ОТ (2:1, 1:1, 0:1, 0:1)

0:1 – 09:55 – Зубов (Пархоменко, Муратов)

1:1 – 12:49 – Самойлов (Зыков, Волгин)

2:1 – 15:34 – Марушев (Волгин, Самойлов)

2:2 – 34:41 – Клещенко

3:2 – 39:04 – Асуханов (Машинец, Макуцкий)

3:3 – 48:09 – Некряч (Ибрайбеков, Данияр Сн.)

3:4 – 60:21 – Клещенко (Зубов, Пархоменко)

Қақпашылар: Микушин – Крамарь

«Сарыарқа» мен «Теміртау» арасындағы ойындардың екінші бөлігінде тағы да Роман Козловтың ойыншылары жеңіске жетті. «Теміртаулықтар» үшінші кезеңнің басында екі шайба артта қалған, алайда металлургтар соққыны үдетіп, жеңісті қанжығаға байлады.

"Сарыарқа" "Теміртау" 3:4 (1:1, 2:0, 0:3)

0:1 – 02:01 – Королинский (Москалев, Жилов)

1:1 – 18:08 – Зеленков (Михайлов, Никулин)

2:1 – 22:58 – Никулин (Михайлов, Марков)

3:1 – 26:51 – Голоднюк (Воронков)

3:2 – 42:50 – Колесников (Галыгин, Кошелев)

3:3 – 44:24 – Кулиев (Колесников, Шульга)

3:4 – 46:57 – Михнин (Жуков)

Қақпашылар: Ибрагимов (Бояркин, 11:44-13:03, 46:57-60:00) – Еремеев