Кезекті кездесулер хоккейден Қазақстан чемпионаты аясында өтті.
«Арлан» мен «Хумо» жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтады. Мұнда ташкенттік хоккейшілер дәлірек көздеді – шешуші соққы Артём Валеевтің есебінде. Қонақтардың жеңіске жетуіне қақпаға бағытталған 34 соққыға тойтарыс берген Дамир Шаймарданов атсалысты. Оның құрғақ жеңістер сериясы 289 минут 18 секундқа жетті.
Осы жеңілісінен кейін «Арлан» турнир кестесі бойынша жоғарыға көтерілу мүмкіндігінен айрылды. Тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша «көкшеліктер» бесінші қатарда қалмақшы.
«Арлан» - «Хумо» 1:2 Б (0:1, 1:0, 0:0, 0:0, 0:1)
1:0 - 03:25 - Кравченко (Сулимов, Дорофеев) ГБ
1:1 - 33:58 - Дюкарев (Лихотников, Меньщиков) ГБ
1:2 - 65:00 – Валеев ПБ
Қақпашылар: Гафиуллин - Шаймарданов
«Сарыарқа» «Алматыны» тырп еткізбеді. Егер екінші кезеңнің басына дейін қонақтар қарсыластың тегеурініне төтеп берсе, әрі қарай қарағандылықтар өз сәттерін ұтымды пайдалана бастады. Бұл ретте алаң иелері артық құраммен төрт рет гол салды. Артём Расулов дубль жасады.
Петерис Скудраның командасы маусымдағы 200 голына қол жеткізді. Биылғы тұрақты чемпионатта Лиганың ешбір ұжымы бұл межеден аса алмайды деуге толық негіз бар.
«Сарыарқа» - «Алматы» 7:2 (0:1, 3:0, 4:1)
0:1 - 13:43 - Филиппенко (Твердохлебов, Киселев)
1:1 - 25:56 - Анисимов (Фёдоров, Злобин) ГБ
2:1 - 35:57 - Расулов (Шапорев) ГБ
3:1 - 36:52 - Ваулин (Пархоменко) ГБ
3:2 - 42:40 - Скоробогатов (Аргымбаев)
4:2 - 47:03 - Лагунов (Шапорев) ГБ
5:2 - 48:40 - Дёмин (Исмагилов)
6:2 - 50:27 - Расулов (Дёмин)
7:2 - 58:43 - Двуреченский (Исмагилов, Чапоров)
Қақпашылар: Каратаев - Шалманов
Петропавлда тағы бір буллиттер сериясы өтті. «Құлагер» тұрақты чемпионаттың соңғы ойынының алдындағы матчты жақсы бастады. Алайда екінші кезең барысында атыраулықтар ойынды теңелтті. Нәтижесінде Евгений Лызиннің дөп соққысы алаң иелеріне екі балл әкелді. «Бейбарыс» жиған ұпай саны бойынша «Номадпен» теңесті, алда ойнайтын матчы тағы бар. Үшінші орынға шығу үшін Артём Аргоковтың ойыншыларына ертең негізгі уақытта жеңілмеу жеткілікті.
«Құлагер» - «Бейбарыс» 3:2 Б (2:0, 0:2, 0:0, 0:0, 1:0)
1:0 - 10:00 - Степанов (Лызин, Гасников)
2:0 - 16:33 - Старцев (Подшендялов, Гатин) ГБ
2:1 - 21:25 - Михнин (Кутугин, Маркелов) ГБ
2:2 - 33:09 - Колесников (Маркелов, Михнин)
3:2 - 65:00 – Лызин ПБ
Қақпашылар: Кадочников - Базарбеков (Зыкин, 65:00-65:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.