Апта ойыншысы – Егор Анисимов

7 aqpan
1461

Хоккейден Қазақстан чемпионатының 21-ші аптасын қорытындылайық.

Өткен кезеңнің ойыншысы ретінде Егор Анисимов танылды. «Сарыарқаның» шабуылшысы өз командасына өткен аптада төрт матчтың төртеуін де жеңуге көмектесіп, жеке статистикасын +5 пайдалылық көрсеткішімен 7 (3+4) балға толықтырды. Оның бір шайбасы қарағандылықтар үшін жеңіс әкелді. Бір қызығы, Егор әр голды әртүрлі ойын жағдайында: кем, тең және артық құраммен салды.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.