Parimatch-Pro Hokei Ligasy плей-оффының екі жұбы анықталды

4 aqpan
2171

Хоккейден Қазақстан чемпионаты шешуші кезеңге жақындады.

«Номад» пен «Хумоның» екінші жекпе-жегінде барлығын бір нәтижелі шабуыл шешті. Соңғы кезеңнің басында Валеев Андрей Шутовтың қақпасын алып, қонақтарға маңызды жеңісті сыйлады. 25 соққыға тойтарыс беріп, «құрғақ» жеңістер шеруін 255 минут 20 секундқа дейін ұзартқан Дамир Шаймардановтың тамаша ойынын атап өту қажет. Ташкенттіктер осы жетістігімен тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша екінші орынды қамтамасыз етті.

«Номад» тұрақты чемпионат бағдарламасын Лига ұжымдарынан алғашқы болып аяқтады. Елордалық ұжымның қоржынында 61 балл бар.

Осылайша, Parimatch-Pro Hokei Ligasy плей-оффының ¼ финалының екі жұбы анықталды. «Хумо» төрт жеңіске дейінгі серияда жетінші орынды иеленген «Горнякқа» қарсы тұрады. «Сарыарқа» (1) плей-оффтың бірінші раудында «Құлагермен» (8) ойнайды.

«Номад» - «Хумо» 0:1 (0:0, 0:0, 0:1)

0:1 - 45:55 - Валеев (Тунхузин, Кравченко)

Қақпашылар: Шутов – Шаймарданов

«Сарыарқа» Павлодарда төрт балл жинады. «Ертіспен» екінші кездесу де қарағандылықтардың бақылауында өтті. Алаң иелерін екі реттен Егор Анисимов пен Захар Пархоменко састырды.

«Ертіс» - «Сарыарқа» 1:6 (0:3, 1:2, 0:1)

0:1 - 10:15 - Анисимов (Шапорев, Анохин) ГМ

0:2 - 12:50 - Анисимов (Фёдоров, Шульга)

0:3 - 15:28 - Злобин (Анисимов) ГБ

0:4 - 22:36 - Пархоменко (Киселёв)

1:4 - 25:19 - Гулый (Евлоев, Галеев)

1:5 - 26:54 - Расулов (Дёмин, Анисимов)

1:6 - 52:09 - Пархоменко (Сиксна)

Қақпашылар: Штукерт (Фриауф, 53:50-60:00) - Микушин

«Арлан» мен «Алматы» бірлесіп, 14 нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Бүгін көкшетаулықтар дәлірек көздеп, жеке статистикаларын біршама жақсартты. Фёдор Хорошев, Данила Карабань мен Артём Лихотников екі дөп соққыдан жасады.

«Арлан» - «Алматы» 11:3 (2:1, 5:1, 4:1)

0:1 - 06:24 - Машинец (Твердохлебов)

1:1 - 11:13 - Хорошев (Карабань, Костромитин)

2:1 - 14:35 - Меньщиков (Дюкарев, Полохов) ГБ

3:1 - 27:23 - Хорошев (Колесников, Москалёв)

4:1 - 28:29 - Ибрайбеков (Лихотников, Ларионов)

5:1 - 35:32 - Преснов (Жарков, Королинский)

5:2 - 37:29 - Киселев (Скоробогатов)

6:2 - 38:14 - Колесников (Москалёв)

7:2 - 38:40 - Карабань (Меньщиков, Полохов)

8:2 - 40:34 - Лихотников (Полохов, Меньщиков) ГБ

9:2 - 43:10 - Степаненко (Лихотников, Полохов)

9:3 - 44:22 - Рыжих (Филиппенко, Андрусенко)

10:3 - 48:03 - Карабань (Меньщиков, Клочков)

11:3 - 59:00 - Лихотников (Клочков)

Қақпашылар: Мейдер (Нечвиенко, 40:00-60:00) - Шалманов

«Бейбарыс» бірінші кезеңде-ақ қарсыласты бес рет састырды. Алайда әрі қарай «Снежные Барсы» ойынға оралып, атыраулықтарға соққыны боратты. Дегенмен фавориттер дер кезінде бойды тіктеп, екі балды иемденіп кетті. Жеңіс шайбасының авторы – Евгений Попитич. Алаң иелерінің құрамынан Роман Ермак дубль жасады.

«Снежные Барсы» - «Бейбарыс» 4:7 (0:5, 2:0, 2:2)

0:1 - 01:16 - Волгин (Михнин, Колесников)

0:2 - 02:48 - Литвинов (Волгин, Холоденин)

0:3 - 14:50 - Ананичев (Попитич, Ершов)

0:4 - 16:18 - Иванов (Бурделёв) ГМ

0:5 - 17:54 - Попитич (Кутугин, Гусейнов)

1:5 - 23:39 - Шапоров (Ермак, Смольянинов)

2:5 - 33:00 - Ермак (Цыбин)

3:5 - 42:12 - Ермак (Муканов)

4:5 - 44:44 - Роев (Царёв) ГБ

4:6 - 47:42 - Колесников

4:7 - 55:45 - Михнин (Маркелов, Дыньков)

Қақпашылар: Пестов (Шестаков, 14:50-60:00) - Зыкин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.