Арлан Айғайбеков пен Мироновтың жейдесін көкке көтерді

3 aqpan
1566

3 ақпан күні «Арлан» - «Алматы» матчы басталардың алдында «Бурабай» спорт сарайының мұз аренасында «Арлан» хоккей клубын құрушылар – Рамазан Айғайбеков пен Вячеслав Мироновтың аты-жөндері жазылған вымпелдерді көтеру салтанаты өтті.

2009 жылы «Бурабай» спорт мұз сарайы пайдалануға берілгелі бері Ақмола облыстық теміржол бөлімшесінің басшысы Вячеслав Иванович Миронов пен оның бірінші орынбасары Рамазан Байзуллаұлы Айғайбеков бастаған топ хоккей клубын құруды қолға алады. Идея бірден облыс пен қала басшылығы деңгейінде қолдау табады. Осы жандардың күш салуымен қысқа мерзім ішінде бапкерлер штабы, команда құрылып, барлық тиісті құжаттар рәсімделді. Осы кісілер ойлап тапқан клуб атауы – «Арлан» бірден қаланың бренді мен төлқұжатына айналды.

Жұмыс жасап келе жатқан жылдар ішінде «Арлан» үлкен жетістіктерге жетті. Марапаттар ішінде: екі жиынтық қола медаль, бес күміс және 2017-2018 маусымында алтын алды. Алайда «Арланның» ең үлкен жетістігі – 2019 жылы Солтүстік Ирландияда қол жеткізген Құрлықтық Кубоктегі жеңісі.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.