Хоккейден Қазақстан чемпионатының 20-шы аптасын қорытындылайық.
Өткен кезеңнің ойыншысы «горняктық» Данила Платонов болды. Рудныйлықтар өткен аптада «Ақтөбемен» түздегі ойындарда екі маңызды жеңіске жетіп (4:3 ОТ және 6:4), соның арқасында команда соңғы бес жылда алғаш рет Қазақстан чемпионатының плей-оффына жолдама алды. Бірінші матчта Платонов есеп теңестірді, кейін белгілі болғандай, ойынды жеңіспен аяқталған овертаймға айналдырды. Екінші жекпе-жектегі жеңіс шайбасы Даниланың есебінде. Жалпы өткен аптада хоккейші +2 пайдалылық көрсеткішімен 5 (2+3) балл жинады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.