Холоденин, Риттингер мен Өтебаев жеңімпаз атанды. Жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесі

30 qańtar
916

Жанкүйерлер қаңтардың үшінші аптасының үздік голының авторын, ең тиімді күштік әдіс пен үздік сейв жасаған қақпашысын анықтаған онлайн дауыс беру аяқталды.

Аптаның үздік голын «бейбарыстық» Олег Холоденин салды.

Жанкүйерлердің пікірінше, үздік күштік әдісті «Горняк» өкілі Руслан Өтебаев жасады.

Аптаның үздік сейвін өз есебіне қатарынан «Құлагер» қақпашысы Всеволод Риттингер жазды.

Барлық видеоларды Youtube-тегі Insport арнасынан табуға болады.

Үздік сәттер үшін кезекті дауыс беру ертең, 31 қаңтарда ашылады! Жаңалықтарымызды оқи жүріңіздер!

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.